Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Халықаралық қатынас

"БІЛІКТІ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ ЖҮЙЕСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІН ЗЕРДЕЛЕУ, ҚОРЫТУ ЖӘНЕ ТАРАТУ" (практика)

тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

2022 жылдың 30 наурыз күні колледжімізде "Білікті кадрларды даярлау жүйесінде оқытудың тиімді әдістерін зерделеу, қорыту және тарату" (практика) атты тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылды.   Ғылыми-практикалық конференцияның мақсаты: пәндік-әдістемелік компентенциялар мен ғылыми әлеуетті дамыту контексінде озық және инновациялық тәжірибені тарату, сондай-ақ оқытушылардың кәсіби өзін-өзі дамытуы үшін тәжірибе алмасу.

Ғылыми-практикалық конференцияға ынтымақтастық аясында Ресей Федерациясының  «Усольск ауылшаруашылық  техникумы», «Самара политехникалық  колледжі», "Новочеркасск геологиялық барлау колледжі", «Самара энергетикалық колледжі», "Атырау энергетика және құрылыс колледжі" және «Бөрлі колледжі», «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» оқытушылары қатысып, жоғары деңгейде өтіп,  өз тәжірибелерімен бөлісті. Барлық баяндамашыларға сертификаттар берілді.

Білім беру бағдарламаларының халықаралық интеграциясы

 

2021/2022 оқу жылының бірінші жартыжылдығында халықаралық деңгейде оқытушылар және оқушылар арасыңда келесі шаралар өткізілді:

- 2021 жылдың 26 қарашасында Ветеринария мамандығы бойынша колледж оқытушылары мен оқушылары «Самара облысының Жас кәсіпқойлары» аймақтық чемпионатының іскерлік бағдарламасына қатысты. Іскерлік бағдарламада онлайн режимде М. А. Айешев «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде Ветеринария мамандығы бойынша дуальді оқытуды ұйымдастыру тәжірибесінен» тақырыбында баяндама жасады. Баяндамашыға өңірлік чемпионаттың іскерлік бағдарламасына қатысушының сертификаты табыс етілді;

- Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде 2021 жылғы 7 желтоқсанда Самара политехникалық колледжі «WorldSkills құзыреттерін дамыту» тақырыбындағы бейне кездесуге шақырды. Колледж атынан бейне-кездесуге арнайы пәндердің 12 оқытушысы қатысты. М. А. Айешев «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжде Worldskills құзыреттілігін дамыту» тақырыбында баяндама жасады. Бейне кездесудің барлық қатысушыларына сертификат берілді.

- 2021 жылғы 24 желтоқсанда білікті кадрларды даярлау саласында, оқу орындары арасында халықаралық ынтымақтастықты орнату мақсатында колледж «Жерлес батырларды еске алу» тақырыбында оқушылар арасыңда халықаралық семинар ұйымдастырды. Семинарға Ресей федерациясының 4 колледжі қатысты:

  1. «Самара политехникалық колледжі»
  2. 2. «Самара энергетикалық колледжі»
  3. 3. «Усольск ауылшаруашылық техникумі»
  4. 4. «Новочеркаск геологиялық барлау колледжі».

Семинарда барлығы 12 баяндама тыңдалды. Барлық баяндамашыларға қатысушы сертификаттары берілді.

 

«Самара облысының Жас кәсіпқойлары» іскерлік бағдарламасының аймақтық чемпионатының өту сәті

 


Білім беру бағдарламаларының халықаралық интеграциясы

 

2020-2021 оқу жылында Ресейлік оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдер мен шарттар жасалды: Усольск ауылшаруашылық техникумы, Новочеркасск геологиялық барлау колледжі, Самара политехникалық колледжі, Самара энергетикалық колледжі, Отраднен мұнай техникумі, Қазан мұнай химиялық колледжі.

Келісімдер мен шарттардың мәні кәсіби білім беру жүйесі аясында білікті кадрларды даярлау саласындағы Тараптар арасында халықаралық ынтымақтастықты орнату, оқу процесінің сапасын арттыру, студенттерге кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру және жүргізу, Ресей Федерациясының Білім беру ұйымдары мен жоғары инженерлік-технологиялық колледж арасындағы ынтымақтастықтың жаңа прогрессивті нысандарын дамыту мақсатында білім беру саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады.

Келісімдер мен шарттар мынадай міндеттерді бірлесіп шешуге бағытталған:

- сапалы жаңа деңгейде үздіксіз білім берудің тиімді жүйесін құру;

-  Ресей Федерациясы субъектілерінің білім беру ұйымдарымен және оқытудың аралас бағыттары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын жоғары инженерлік-технологиялық колледжбен халықаралық өзара іс-қимылды дамыту;

- орта кәсіптік білім беру жүйелерінің тиімді өзара іс-қимылын дамыту;

- әр түрлі деңгейдегі білім беру сапасын және жеке білім беру бағдарламаларын арттыру;

- Тараптардың ғылыми, білім беру, ақпараттық, инновациялық және өзге де ресурстарын интеграциялау.

 

Білім беру бағдарламаларының халықаралық интеграциясы

 

2020-2021 оқу жылында Ресейлік оқу орындарымен ынтымақтастық туралы келісімдер мен шарттар жасалды: Усолка ауылшаруашылық техникумы, Новочеркасск геологиялық барлау колледжі, Самара политехникалық колледжі, Самара энергетикалық колледжі.

Келісімдер мен шарттардың мәні кәсіби білім беру жүйесі аясында білікті кадрларды даярлау саласындағы Тараптар арасында халықаралық ынтымақтастықты орнату, оқу процесінің сапасын арттыру, студенттерге кәсіби бағдар беруді ұйымдастыру және жүргізу, Ресей Федерациясының Білім беру ұйымдары мен жоғары инженерлік-технологиялық колледж арасындағы ынтымақтастықтың жаңа прогрессивті нысандарын дамыту мақсатында білім беру саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру болып табылады.

 

Келісімдер мен шарттар мынадай міндеттерді бірлесіп шешуге бағытталған:

 

- сапалы жаңа деңгейде үздіксіз білім берудің тиімді жүйесін құру;

 

- Ресей Федерациясы субъектілерінің білім беру ұйымдарымен және оқытудың аралас бағыттары бойынша білім беру қызметін жүзеге асыратын жоғары инженерлік-технологиялық колледжбен халықаралық өзара іс-қимылды дамыту;

 

- орта кәсіптік білім беру жүйелерінің тиімді өзара іс-қимылын дамыту;

 

- әр түрлі деңгейдегі білім беру сапасын және жеке білім беру бағдарламаларын арттыру;

 

- тараптардың ғылыми, білім беру, ақпараттық, инновациялық және өзге де ресурстарын интеграциялау.

 

 

 

 

 

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.