«ЖОҒАРЫ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»


Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің қысқаша тарихи анықтамасы
Орал 2022
КОЛЛЕДЖ МИССИЯСЫ:
«Инновациялық оқыту әдістерін қолдану-сұранысқа ие мамандарды дайындау негізі»
Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады. Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 16 мамандық бойынша мамандар даярланады. Сондай-ақ, колледжде күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде студенттер білім алуда. Сонымен қатар, колледжімізде жоғары білікті, студенттерге сапалы білім беруді және олардың шығармашылық қабілетін дамытуды мақсат еткен оқытушылар қызмет атқарады.
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің қалыптасу және
даму тарихы
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің кезекті «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді жолдауында негізгі бағыттарды білім берудің маңызын көтеру, инновацияларға қолайлы жағдай жасау керектігін атап көрсетеді.
«Жастар-еліміздің ертеңі» деп мемлекет басшысы жастарға үміт артып, жыл сайын оларды қолдау мақсатында ауқымды істер, игі жаңалықтар жасауда.
Елбасымыз отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған міндеттерді айқындаған «Қазақстан білім қоғамы жолында» атты интерактивті дәрісінде 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында, қоғамның қызу қолдауына ие болған «Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты мақаласында айқындалған жаңа мақсат-міндеттерден туындайтын тың тапсырмалар берді.
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі – білім мен кәсіби-техникалық даярлық үшін жақсы мүмкіндік беретін, тұрақты даму бағыты бар білім мекемесі.
Колледждің алға қойған мақсаты – еңбек нарығы мен қоғамдық өмірдің түрлі салаларында бүгінгі күн талабына сай бәсекеге қабілетті, кәсіби білімді мамандар даярлау болып табылады.
Қазіргі, Жоғары инжерелік-технологиялық колледжі алғашында, Басқару және құқық иститутының Ғылыми кеңесінің 2000 жылғы 16 мамыр күнгі шешімімен (хаттама №6) Басқару және құқық институтының құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылды.
Институттың 2000 жылғы 05 тамызындағы №34-к бұйрығымен колледждің алғашқы директоры болып, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты, доцент Бекбулов Нагметулла Құрманұлы тағайындалды.
18.06.2002 жылы №43-к бұйрықпен колледж директоры лауазымдық қызметіне Уразгалиева Разия Изимовна отырды.
Ал 22.12.2003 жылғы №111 бұйрықпен колледж директорының міндетін атқарушы болып Ким Лариса Валентиновна тағайындалды.
01.03.2004 жылы №27 бұйрықпен Обезянов Алесандр Николаевич колледж директоры болды.
01.07.2007 жылы №61 бұйрықпен колледж директоры лауазымдық қызметіне Жұбантаев Ізімғали Нұрымұлы тағайындалды.
02.09.2013 жылы 1011 бұйрықпен колледж директоры лауазымдық қызметіне Алимбекоа Серик Ахметович тағайындалды.
2022 жылдың 10 қазанынан бүгінге дейін, колледж директоры лауазымдық қызметін Гульфия Хайржанқызы Хайржан атқарып келеді.
Алғашқы уақытта колледжде екі бөлім экономикалық және техникалық бөлімдері жұмыс жасады.
Колледждің алғашқы ұйымдастырушылары және жетекшілерінің күшімен қысқа мерзімде оқу-көмекші ғимараттарын даярлау, талапкерлерді қабылдау, оқу үдерісін ұйымдастыру, оқытушылар, оқу көмекші және қызмет көрсететін құрамды таңдау бойынша кең көлемді ұйымдастыру бойынша әкімшілік жұмыстары жүргізілді.
Ал, 2010 жылдың 01 шілдесінде оқу орны құрылтайшысының №2 шешімі бойынша оқу орны атауы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінен бөлініп шығуына байланысты, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық колледжі мемлекеттік емес білім беру мекемесі болып өзгертіліп қайта құрылды.
Қазіргі уақытта дербес қызмет ететін «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» мемлекеттік емес білім беретін көпсалалы оқу орны болып табылады. Қазір оқу орнында 3 бөлім, экономикалық және сервис, технологиялық бөлім, әлеуметтік-гуманитарлық және жалпы білім білім беру бөлімі жұмыс жасайды.
Бүгінгі күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі, облысымыздағы техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономикалық мамандықтар бойынша білім беретін көпсалалы оқу орындарының бірі болып табылады.
Сондай-ақ колледж Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2010 жылдың 6 тамызында №560 бұйрығымен берілген сериясы АБ №0036514 Мемлекеттік лицензия негізінде соңғы талаптарға сай мамандар даярлайды.
Қазіргі таңда колледжде техникалық, мұнай-газ ісі, экология, ауыл шаруашылығы және экономика салалары негізінде 16 мамандық бойынша мамандар даярланады. Колледжде білім беру күндізгі және сырттай оқу нысаны бойынша негізгі жалпы білім және жалпы орта білім негізінде жүргізіледі. Оқу үрдісі білім беру стандарттарына, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Оқытылатын барлық мамандық мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары мен типтік оқу бағдарламаларымен толығымен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасының білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған даму бағдарламасынса сәйкес 2016 жылы колледж институционалдық және 3 мамандықтан мамандандырылған аккредитациядан өтіп, 5 жылға куәлік алды. Колледж дуаолды бағдарламалармен мамандарды даярлау бойынша экспериментальді алаңда жұмыс жасауда.
Қазақстанның ең үздік политехникалық колледждердің ұлттық рейтингі-2017, 3-і орын (nkaoko.kz)
Қазақстанның ең үздік политехникалық колледждердің ұлттық рейтингі-2017, 2-і орын(nkaoko.kz).
Облыстық байқау «Үздік колледж- 2017», 2-і орын
«Кәсіпқор» Холдингінің 2017 жылға алғаш рет Қазақстанның ең үздік колледжі ұлттық рейтингін жасақтап, қатысқан 328 колледждің ішінде үздік ондыққа кіріп жетінші орынға ие болды (kasipkor.kz).
ҚР БжҒМ тапсырмасымен «ТАЛАП» КЕАҚ шығарған Қазақстанның колледждер рейтингсіне сәйкес 2018 жылы-31 орын, 2019 жылы – 30 орын, 2020 жылы- 15 орын (салалар бойынша). Ал Батыс Қазақстан облысының колледждері арасында 2017 жылы - 1 орын, 2018 жылы - 2 орын, 2019 жылы – 2 орын, 2020 жылы – 1 орын (салалар бойынша).
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі білімді брендке, тәрбиені трендке айналдыру арқылы қоғамның түрлі саласында жетістікке жетіп жүр. Айта кететін болсақ, Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасының, Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткізілетін облыстық әскери-патриоттық ойындарында жеңімпаз атанып, жаңартылған білім беру мазмұнында әскери-патриоттық тәрбиенің маңыздылығын айшықтап жүр. Сонымен қатар «Елбасы медалі» ұлттық жобасында «Белсенді азаматтық ұстанымы және патриоттық танытқаны үшін» колледждің төмендегі студенттері наградталды:
Өтемісова Гулназ Өтемісқызы - Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару мамандығының студенті
Серікқалиев Тасболат Серікқалиұлы – Ветеринария мамандығының студенті
Абулхайырович Жасулан – Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару мамандығының студенті
Ковалева Маргарита – Есеп және аудит мамандығының студенті.
2020 жылы Дәстүрлі түрде қатарынан 20 жыл өткізіліп келе жатырған Батыс Қазақстан облысы әкімінің жастар премиясында «birgemiz:bilim» бағыты бойынша Серікқалиев Тасболат Серікқалиұлы лауреат атанып, облыстың «Жыл Үздігі-2020» премиясына ие болды.
Студенттердің құзыреттілік деңгейін көтеруге және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға ынталандыру үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының 100 үздік студенттерін тануға бағытау мақсатында «ҚР колледждерінің ТОП 100 студенті» жобасы «Zhastar KZ» жобасы шеңберінде құрылтайшылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Кәсіпқор» холдингі» КЕАҚ ұйымдастыруда.
Жобаның республикалық кезеңінде өз қабілеттерін, іскерліктерін және таланттарын көрсете алған үздіктердің үздігі еліміздің 17 өңірінен өздерінің ғылыми жобаларын, инновациялық идеяларын, стартап жобаларын ұсынған, жеңіске жеткен 100 студент болды.
2021-2021 оку жылында Үздік 100 жеңімпаздары:
-Асылан Қадырғалиев – «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенті.
-Жасулан Самигуллиев – «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандығының студенті .
2022-2023 оку жылында Үздік 100 жеңімпаздары:
- Издаева Айлита - «Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығының 3 курс студенті
- Ибрайм Жасболат «Мұнай және кен орындарын пайдалану» мамандығының 2 курс студенті.
2020 жылы Колледжде студенттің өзін-өзі басқаруы жүйеге қойылған, колледж студенттері облыстық, республикалық байқауларға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрініп жүр. 2020 жылы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының арнайы алғыс хатына бес студенті ие болды. Батыс Қазақстан облысы әкімінің еріктілік қызметтегі ерен еңбегі үшін атты арнайы алғыс хатына Қуанышев Аманжол, Сарсенбай Саламат ие болды.
2019 жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының арнайы марапатына студенттік өзін-өзі басқару ұйымының мүшесі Шамғонова Жасмина ие болды.
2019 жылы «Жайдарман» республикалық ойындарына Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің «07 aimaq» командасы қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.
2020 жылы М.И.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұйымдастырумен көрнекті ақын, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты Күләш Ахметованың 75 жылдық мерейтойына арналған республикалық Күләш Ахметова оқуларынан жүлделі 3 орынды Серікқалиев Тасболат Серікқалиұлы иеленді.
«Ұлы дала рухы» республикалық фестивалінде Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенттері жүлделі 3-орынға ие болды.
ҚР БжҒМ және Қазақ Ұлттық университетінің ұйымдастыруымен өткізілген «Мен жастарға сенемін» республикалық форумында жүлделі 2 орынға Пермитина Александра Сергеевна ие болды.
ҚР БЖҒМ «Мен Кәсіпкермін» ұлттық гранд турнирінде жүлделі 2 орынға колледж студенттерінен құралған команда ие болды.
Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттерінің Үздік Студенттік Парламенті-2022» облыстық байқауында жүлделі 1 орынға колледждің Студенттік Парламенті ие болды.
Сонымен қатар, колледжде ғылыми-әдістемелік жұмыстар жоғары деңгейде жүргізіліп, оқытушылардың педагогикалық шеберлігі одан әрі артуда. Атап айтар болсақ «Таlap» КЕ АҚ Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» ұйымдастырған Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының «Ветеринария» және «Зоотехния» мамандықтарының педогогтары арасында өткізілген «Үздік ветеринарлық бейне сабақ» тақырыбындағы республикалық байқауы, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арналған жолдауындағы білім саласына байланысты бағыттарын білім беру ұйымдарының педагогтары арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Жылдың үздік ұстазы - 2020» атты республикалық байқауы, Білім беру қызметкерлеріне арналған республикалық сайт Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдығына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты республикалық қашықтық олимпиадасы сынды түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып жүр.
Оқу-өндірістік жұмысты ұйымдастыру колледждің 2020/2025 жылдарға арналған стратегиялық жоспарынан бастау алады, оның негізінде оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары құрылады.
Оқу-өндірістік жұмыстың негізгі бағыттары:
- студенттерге тәжірибе базаларын ұсыну;
- әлеуметтік серіктестікті дамыту (келісімшарттар, меморандумдар әзірлеу және жаңарту);
- тағылымдаманы ұйымдастыру;
- өңдірісте практикалық сабақтар, саяхаттар ұйымдастыру;
- WorldSkills Қазақстан чемпионатына қатысатын құзыреттер мен жүлдегерлер санының өсуі;
- тәжірибелер бойынша конференциялар ұйымдастыру және өткізу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік тәжірибенің барысын бақылау.
Күні бүгін өндірістік оқыту бағытында кәсіпорындармен 57 келісім шарт жасалған, дуалды оқыту бойынша 16 келісім шарт, өндірісте мамандықтар бойынша филиал ашуға 3 келісім шарт жасалған. Білім беру үрдісін халықаралық денгейде жетілдіру мақсатында Ресей федерациясынын оқу орындарымен келісім шарт жасалды: Усольск ауыл шаруашылық техникумы; Самара политехникалық колледжі; Отраднен мұнай техникумы; Самара энергетикалық колледжі; Новочеркаск барлау колледжі және Казан мұнай химиялық колледжі.
Барлық студенттер тәжірибе базаларымен қамтамасыз етілген. Өндірістік практикадан өту негізгі базалары: «Урал ТехСервис» ЖШС, «Кублей» ЖШС, «БҚЭЖТК» АҚ, «Орал трансформатор заводы» ЖШС, БҚ ЭЖТК Тайпақ, «Самрук Сервис» Басқарушы компаниясы ЖШС, «Ақсайгазсервис» АҚ, БҚ ТЭК, «Ақсайгазпромэнерго» АҚ, ЖШС «Уральскстройинвест», ШҚ «Август», «Ветеринария бөлімі, Орал қ.», БҚО аудандық ветеринария бөлімдері, АҚ «Интергаз Центральная Азия», «КазБурГаз» АҚ, «БГС» ЖШС, «Электромонтаж» АҚ, Қызылорда, «ОралТранс» ЖШС, «ӨзенМұнайСервис» ЖШС, «Мирлан» ЖК, ЖШС «ТеплоГазСервис», ЖШС «СанТехСервис», АҚ «ҚазТрансГазАймақ», ЖШС «АксайСпецМонтаж», ЖШС «АйнаМичурино», АҚ «Конденсат» және тағы басқада өндіріс орындары болып табылады.
Колледж 2020-2021 оқу жылында өңдіріс есебенен әлеуметтік жағдайы төмен 16 студенттерді оқыту мақсатыңда «КПО б.в», «Норт Каспиан» компаниялары және «Урал Ойл энд Газ» ЖШС өндіріс орындарымен келісім шарт жасалды.
Дуалды оқыту жүйесі бойынша БҚО-дағы кәсіпкерлер палатасында тіркеумен 6 мамандық бойынша 435 жеке келісімшарт жасалған.
2019/2020 оқу жылында WorldSkills Kazakhstan-да колледж 4 құзыреттілік бойынша қатысып, Ветеринария құзыреттілігі бойынша 1-2 орыңдарға ие болды.
2020/2021 оқу жылы колледж 10 құзыреттілікке қатысып, 18 жүлдеге ие болды. БҚО бойынша командалық 1 орын алды. 2021/2022 оқу жылы колледж 9 құзыреттілікке қатысып, 10 жүлдеге ие болды. БҚО бойынша командалық 5 орын алды.
«WorldSkills Kazakhstan – ОRAL-2021» - өңірлік чемпионатына «Электр монтаждау», «Веб-дизайн», «Ветеринария», «Жеңіл автокөлік жөндеу және қызмет көрсету», «Шанақты жөндеу», «Бизнеске IT шешім» «Инженерлік графика САD», «Графикалық дизайн» «Визуалды мерчандайзинг» «Жүктерді сараптау» құзыреттіліктер бойынша қатысты.
|
№ |
Компетенциялар атауы |
Қатысушы саны |
Жүлделі орыңдар |
|
1 |
Инженерлік графика САD |
1 |
ІІ |
|
2 |
Бизнеске IT шешімдер |
5 |
І-ІІІ |
|
3 |
Шанақты жөндеу |
5 |
І-ІІІ |
|
4 |
Веб технологиялар |
5 |
ІІІ |
|
5 |
Электр монтаждау |
1 |
ІІ |
|
6 |
Жеңіл автокөлік жөндеу және қызмет көрсету |
1 |
ІІ |
|
7 |
Графикалық дизайн |
1 |
- |
|
8 |
Визуалды мерчандайзинг |
5 |
І-ІІІ |
|
9 |
Жүктерді сараптау |
5 |
І-ІІІ |
|
10 |
Ветеринария |
2 |
І-ІІ |
|
|
Барлығы |
31 |
18 |
|
№ |
Жүлделі орыңдар |
Саны |
|
1 |
І |
5 |
|
2 |
ІІ |
8 |
|
3 |
ІІІ |
5 |
|
|
Барлығы |
18 |
27 оқытушы «WorldSkills Kazakhstan» сарапшы мәртебесін алды, өткен жылы 2 оқытушы сарапшы мәртебесін алған.
ТжКБ жүйесінде білікті кадрлармен қамтамасыз ету және позициялау бойынша ҚР Батыс өңірін дамытуға нақты үлесін анықтау мақсатында колледж жыл сайын "Кәсіпқор Холдинг" КЕАҚ өткізетін колледждер рейтингіне қатысады (нәтижелері сайтта келтірілген :http:/kasipkor.kz). 2017 жылы осы рейтингке қатысқан 326 колледждің ішінен ЖИТК 7 орын алды, ал мемлекеттік емес колледждер арасында 1 орын. 2018 жылы 270 колледждің 31-ші, мемлекеттік емес колледждер арасында 5-ші орынды иеленді. 2019 жылы 176 колледждің 30-шы, мемлекеттік емес колледждер арасында 5-ші орынды иеленді.
Ұлттық бизнес-рейтингте колледжге күміс рейтинг берілді:
-2016 жылы «Сала көшбасшысы» және «Салықтардың жалпы сомасы» критерийлері бойынша кәсіпорындарды жалпы мемлекеттік қаржы-экономикалық саралау бойынша Қазақстан Республикасының көшбасшы -ТОП-30 кәсіпорны қатарына кірді;
- 2017 жылы «Әсер етпейтін бюджетке үлес» көрсеткіші бойынша кәсіпорындарды жалпы мемлекеттік қаржы-экономикалық саралау бойынша Қазақстан Республикасының ТОП-25 көшбасшы кәсіпорны қатарына кірді;
- 2019 жылы "Үлгілі салық төлеуші"көрсеткіші бойынша кәсіпорындардың қаржылық-экономикалық талдауы негізінде құрылған Қазақстан Республикасының ТОП-25 көшбасшы кәсіпорны қатарына кірді.
2019 жылы «Шамшырақ» АШӨК базасында «Ветеринария» және «Ет және ет өнімдерін өндіру», «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша білім алушылар үшін өндірістік алаң ашылды». Колледж базасында Ветеринария мамандығы бойынша Оқу шаруашылығы жұмыс істейді. «Орал-Ардактау ОО" ЖШС-мен «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» және «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандықтарының филиалын ашу туралы шарт жасалды. Аталған кәсіпорын базасында «Жол қозғалысы Ережелері», «Жылжымалы құрам», «Автомобиль құрылысы» пәндері бойынша практикалық сабақтар өткізіледі.
Жоғары инженерлік-технологиялық колледж білікті мамандарды даярлау саласында қолайлы білім беру және тәрбиелеу ортасын қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыруда.













