Психодиагностика және диагностикалық жұмыстардың
жүргізілуі
Психодиагностика жұмыстары бойынша жалпы жасөспірімді терең психологиялық-педагогикалық зерттейтін, оқыту және тәрбиелеуде бұзылу себептерін анықтау бағытында психологиялық зерттеулер, психологиялық себептерін анықтау, психикалық дамудағы әртүрлі ауытқулардың саралау диагностикасын жүзеге асыру т.б. жұмыстар мен жасөспірімдерге анықталған және қатаң индивидуалды, нақты өзгешелігі бар, жас ерекшелік және дара ерекшеліктері бойынша жұмыстар өткізілді.
Психологиялық қызмет құжаттары дайындалып, жылдық жұмыс бекітілді.
Қыркүйек айында жаңадан қабылданған 9,11 сыныптан кейінгі 1 курс оқушыларымен танысу құжаттармен жұмыстар жүргізілді.Биылғы оқу жылында ЭЛС-911, ПО-911, ВТ-911, УА-912, ОПУД-911, ТОР-911, ЭНГМ-911, ТМС-912 топтары қабылданды.
Оқушылармен олардың тұрғылықты және тіркеудегі мекен жайы мен ата – аналарымен танысу бағытында біркелкі жұмыстар атқарылды.
Оқушыларға психологиялық карта және оқушының жеке картасы, топ оқушыларының әлеуметтік картасы жасақталды.
22.09.2021ж «Мен өз өмірімнің суретшісімін»тақырыбында 1 курс оқушыларына арналған семинар - тренинг өткізілді.
Мақсаты:
а)оқушының ішкі жан тербелісін білу,суретті бояу арқылы мінез құлқын тұрақтандыру;
б) оқушылардың ішкі жан дүниесін өзіндік тануына жағдай жасау;
в) мінез – құлық туралы түсініктерін кеңейту;
05.10.2021ж «Біз біргеміз бірақ әртүрләміз» тақырыбында 2 курс студенттеріне тренинг өткізілді.
Мақсаты:
а) оқушылардың өмірге деген құштарлығын арттыру,өмірге деген құлшынысын қалыптастыру:
б) өмірді сүюе білуге баулу;
в) Толеранттық ұғымын кеңейту. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінушілікпен,ізгілікпен қарауға үйрету. Жасаған әрекеттеріне жауапкершілікпен, қасындағы адамдарға шыдамдылықпен қарауға тәрбиелеу. оқушыларды инабаттылыққа, тәртіптілікке шақыру.Ұжымдық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру
https://wketc.testim.kz/yzmet/psikhologiyaly-yzmet/psikhodiagnostika-zh-ne-diagnostikaly-zh-mystardy-zh-rgizilui.html#sigFreeId1de6636375













