Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Технологиялық бөлім

Технологиялық бөлімінің меңгерушісі: Есиркепов Ержан Маратович

Туған күні11.01.1989            

Байланыс мәліметтеріЭл.почта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Білімі: жоғары

Білім ұйымының толық атауы, факультеті, (бөлімі)

Түскен жылы

Бітірген жылы

Мамандығы, біліктілігі

Диплом немесе куәлік нөмірі

1

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы – техникалық университеті

2007 ж.

2012 ж.

Ветеринарлық дәрігер,

ЖБ 0009341 10.07.2012 ж.

 

Мақсаттары: Кәсіби стандарттарға сәйкес мамандарды дайындауға қажетті жұмыстарды ұйымдастыру.

Міндеттері:

  • Оқу үдерісін жоғары сапамен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық әдістер мен оқыту құралдарын айқындап, қамтамасыз ету;
  • Оқу-тәрбие үрдісінде оқытушылардың кәсіби деңгейін жетілдіру, біліктілігін арттыру;
  • Бөлім мамандықтары бойынша кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Пәндер бойынша оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етуді жетілдіру;
  • Бөлім оқытушыларының әдістемелік және ғылыми жұмыстарын толықтыру.

Колледж «Заманауи инновациялық технологияларды қолдану арқылы бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру және дамыту» әдістемелік тақырыбын негізге алып жұмыс жасаса, бөліміміз «Оқытудың инновациялық әдістері арқылы оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» әдістемелік тақырыбы бойынша жұмыстанды.

Оқу жылы бойынша құжаттар  істер номенклатурасына, оқу-әдістемелік құжаттар мамандықтар бойынша ҚРЖМБС-на сәйкес жасалынды. Бөлімдегі оқу-әдістемелік жұмыстар ҚР Техникалық  және кәсіптік білім беру мекемелерінің қызметін реттеуші нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылды.

Технологиялық бөлімде белсенді ғылыми-әдістемелік жұмысты жүргізетін, мамандарды дайындауға кәсіби қызығушылық танытатын, өз біліктілігін арттыруға ұмтылатын педагогикалық кадрлар жұмыс істейді. Бөлім құрамында 10 штаттық оқытушылары оқытушылары жұмыс істейді, олардың біліктілігі мамандық бейініне және оқытылатын пәндерге сәйкес келеді. Оқытушылар біліктілік санаттары мен оқушылармен жұмыс тәжірибесі бар, доцент, кандидаттық ғылыми дәрежесі бар - 1 оқытушы, педагог – сарапшы 2 оқытушы (соның ішінде магистр - 1 оқытушы), бірінші санатты - 2 оқытушы, магистр академиялық дәрежесі бар 3 оқытушы (с.і 1 оқытушы педагог - модератор) және санатсыз  2 оқытушы бар, штат бойынша бөлімнің санаттылығы: 80% құрайды.

2021-2022 оқу жылы бойынша  технологиялық бөлімінде  күндізгі негізде 150 оқушы, сырттай бөлімінде 98 оқушы білім алуда.  

Студенттердің біліктілігі жоғары, білімі терең маман етіп шығаруда маңызды саналатын білім ордасының материалдық-техникалық базасы да заман талабына сай жабдықталған. Мультимедиялық құрылғылармен жабдықталған 2 кабинет, 7 лаборатория, ветеринарлық клиника бар.

Технологиялық бөлімінде төмендегі мамандықтар бойынша орта буын мамандарын  дайындайды:

  1. 08410100 «Ветеринария»
  2. 08110700 «Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)»,
  3. 07210200 «Сүт өнімдерінің өндірісі»,
  4. 07210100 «Ет және ет өнімдерінің өндірісі (түрлері бойынша)»,
  5. 07320600 «Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау»,
  6. 0601000 «Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)»,
  7. 07110500 «Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»,
  8. 07240900 «Мұнай және га-кен орындарын пайдалану (бейін бойынша)».

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.