Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Қабылдау ережесі

 

«Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ-не

2022-2023 оқу жылына оқуға қабылдау ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжіне (мемлекеттік лицензия № KZ56LAA0001726, 09.12.2019 ж) 2022-2023 оқу жылына оқушыларды қабылдау ережесі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген.

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы № 578 бұйрығына өзгірістер мен толықтырулар еңгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 06 маусымдағы №276 Бұйрығымен (2021 жылғы 8 қаңтардағы жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен) бекітілген.

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдік азаматтар және азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ білім туралы құжатымен (куәлік, аттестат) ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар қабылданады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, егер олар осы деңгейдегі білімді алғаш рет алатын болса, Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік білім алуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.

Басқа шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар Жоғары инженерлік–технологиялық колледжіне Қазақстан Республикасының  заңнамаларында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификацияланған халықаралық шарттарға сәйкес қабылданады.

  1. Жоғары инженерлік – технологиялық колледжіне қабылдауда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпанындағы № 264 қаулысымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде келесідей квота беріледі:

1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек-балалар арасынан шыққан азаматтар үшін - 1%;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша соғысқа қатысушылар мен соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін - 0,5%;

3) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес ауылдың (селоның) әлеуметтік экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін - 30%;

4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін - 4%;

5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін - 1%;

6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан Қазақстан Республикасының азаматтары үшін-10%;

7) төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалар тәрбиеленетін отбасылардан шыққан балалар үшін-5%;

8) кемінде үш жыл мәртебесі толық емес отбасылар қатарындағы балалар үшін-1%;

9) бала кезінен мүгедек балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектерді тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар жатады.

  1. Туыстас мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары білімі бар азаматтар қысқартылған бағдарламалар бойынша оқуға қабылданады.

 

  1. Құжаттарды қабылдауды ұйымдастыру және түсу емтихандарын өткізу
  2. Тұлғалардың колледжге оқуға өтініштерін қабылдау, әңгімелесу өткізу, білім алушылар құрамына қабылдау үшін 10 маусымнан кешіктірмей қабылдау комиссиясы құрылады.
  3. Азаматтарды оқуға қабылдау бойынша колледждің көшпелі комиссияларын ұйымдастыру Батыс Қазақстан облысының білім басқармасының және құрылтайшының келісімі бойынша шешіледі.
  4. Қабылдау ережелері туралы ақпарат, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссиясының шешімдері, оқуға түсу туралы нәтижелер оқуға түсушілердің назарына уақтылы жеткізілуге тиіс.
  5. Колледжге оқуға түсетін азаматтардың өтініштерін қабылдау 25 маусым мен 18 тамыз аралығында негізгі орта білім беру базасында, 25 маусым мен 20 тамыз аралығында жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру базасында, ақылы негізде күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 25 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.
  6. Колледжге оқуға түсушілер мемлекеттік қызметті алу үшін білім беру ұйымына "электрондық үкіметтің" веб - порталына жүгіне алады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес құжаттар топтамасын ұсына алады.

Оқуға түсу үшін құжаттарды кәмелетке толған адамдар жеке өзі, кәмелетке толмағандар – заңды өкілінің қатысуымен ұсынады

  1. Конкурсқа өтініш берген кезде оқуға түсушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары бекіткен төрт мамандыққа, біліктілікке (қажет болған жағдайда), ТжКОББ-дан кадрлар даярлауға арналған мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі комиссиялар бекіткен ТжКОББ-ның төрт ұйымына дейін, оқыту тілін (қазақ, орыс, ағылшын), білім деңгейін таңдайды.
  2. Құжаттар портал арқылы тапсырылған жағдайда Мемлекеттік қызмет көрсетуге сұрау салуды қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" көрсетіледі.
  3. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері өтінішті түскен күні тіркейді және оны жауапты құрылымдық бөлімшеге орындау үшін жолдайды. Өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мерекелік күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.

Мамандық бейіні бойынша пән осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.

  1. Оқуға түсушілерден түскен өтініш Жоғары инженерлік-технологиялық колледждің тіркеу журналдарына тіркеледі.
  2. Білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін, сондай-ақ мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік (жұмысшы біліктілік), орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар орта буын мамандықтарына түсетін адамдар үшін әңгімелесу жүргізіледі. Қабылдау комиссиясы оқуға түсушімен тиісті бағыттар бойынша 20 минуттан артық емес жеке әңгімелесуді өткізеді. Әңгімелесуге арналған сұрақтар тізбесін қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді.
  3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:

- көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

- көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады;

- көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

- Осы Қағидалардың 2.3-тармағында көрсетілген оқуға түсушілердің қабылдау квотасы көзделген адамдарға тиесілігін растайтын құжаттар қабылдау комиссиясына 25 тамызға дейін ұсынылады.

Осы Қағидалардың 2.3-тармағында көрсетілген қабылдау комиссиясы күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап ТжКОББ ұйымының сайтында орташа конкурстық балды көрсете отырып, қабылдау квотасы көзделген талапкерлер мен тұлғалардың тізімдік құрамын қалыптастырады және оны күнделікті жаңартуды қамтамасыз етеді.

  1. ТжКОББ ұйымдарына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды оқуға қабылдау медициналық-әлеуметтік сараптаманың (медициналық анықтаманың) ұсынымдары мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, мамандықтар мен біліктіліктерде жүзеге асырылады.

Жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдарды қабылдау психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысын ескере отырып жүргізіледі.

  1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша оқуға түсетін тұлғалар (білім беру, мәдениет және спорт саласындағы уәкілетті органның құзыретіндегі ТжКОББ ұйымдарын қоспағанда) күнтізбелік жылдың 25 маусымынан бастап ерікті негізде білім басқармасының ақпараттық жүйесі арқылы кәсіптік диагностикадан (сауалнама) өтеді.
  2. Кәсіби диагностиканың қорытындысы бойынша талапкерге мамандықтар таңдауы бойынша ұсыныстар және ұсынылатын мамандықтарға кәсіптер картасы ұсынылады. Кәсіби диагностиканың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.

 

  1. Білім алушылар құрамына қабылдау

2022-2023 оқу жылына арналған "Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі" МЕББМ білім алушыларының құрамына қабылдау ережесі

  1. Колледжге оқуға қабылдау тұлғалардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады.
  2. Мемлекеттік тапсырыс бойынша Конкурс негізгі орта білім беру базасында оқуға түсушілер арасында 19-22 тамыз аралығында, жалпы орта білім беру базасында 26-28 тамыз аралығында, ақылы негізде – 26-28 тамыз аралығында өткізіледі.
  3. Қабылдау комиссиясы осы Қағидалардың 1.3-тармағында көрсетілген және өтініш берген адамдарды күнтізбелік жылдың 26 тамызына дейін мамандығын, біліктілігін көрсете отырып, білім басқармасының ақпараттық жүйесіне тіркейді.
  4. Конкурсты Білім басқармасы талапкерлерді білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа конкурстық балына автоматты түрде бөлу арқылы, педагогикалық, медициналық мамандықтарға, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға білім туралы құжатқа сәйкес міндетті және бейінді пәндердің орташа балы бойынша және қабылдау квотасын ескере отырып, ТжКОББ ұйымы өткізген арнайы және/немесе шығармашылық емтихандардың нәтижелері бойынша алынған бағалардың (балдардың) орташа балы бойынша өткізіледі.
  5. Талапкерлерді автоматты түрде бөлуді Білім басқармасы айқындаған ақпараттық жүйесінде (білім беру платформасы) жүзеге асырылады.

Колледжге қабылдау мамандықтар, оқыту тілдері бойынша бөлек қабылдау комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.

Қабылдау комиссиялары оқуға түсушілерді қабылдау нәтижелері туралы ақпаратты оқуға түсушілердің назарына күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін, сырттай оқу нысанына күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегіне дейін ақпараттық стендтерге немесе Колледждің интернет – ресурстарына орналастыру арқылы жеткізеді.

Техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың осы Қағидаларымен регламенттелмеген мәселелерді колледждің қабылдау комиссиясы құрылтайшының және БҚО білім басқармасының келісімі бойынша дербес шешеді.

Қабылдау комиссиясының қорытынды отырысында аудио-немесе бейнежазба жүргізіледі. Аудио-немесе бейнежазба ТжКОББ ұйымының мұрағатында кемінде бір жыл сақталады. Берілген ережелер педагогикалық кеңестің № 10 15.06.2022 ж.  хаттамасымен қаралып, бекітілді.

 

Қосымша 1

 

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары;

2) «электрондық үкіметтің» www. egov. kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттікқызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша түсетін көрсетілетін қызметті алушылар үшін:

1) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша, арнайы оқу бағдарламалары бойынша, сондай-ақ рухани (діни) білім беру ұйымдарына, қылмыстық – атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 25 тамызы аралығында, оқудың кешкі нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында;

2) орта буын және қолданбалы бакалавр мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына: мемлекеттік тапсырыс бойынша негізгі орта білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 18 тамызы аралығында, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім базасында күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 тамызы аралығында, ақылы негізде 25 маусымы мен 25 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 қыркүйегі аралығында, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтар бойынша -күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 20 шілдесі аралығында, педагогикалық мамандықтар бойынша - күнтізбелік жылдың 25 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүзеге асырылады;

3) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут;

4) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 минут.

4

Көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Осы Қағидаларға                                 3-қосымшаға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу орнына құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе Стандарттың 9-тармағында баяндалған негіздерге сәйкес құжаттарды одан әрі қараудан дәлелді бас тарту және осы Қағидаларға                     2-қосымшаға сәйкес қолхат беру.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында хабарлама жолданады.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алуға өтініш білдірмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оларды көрсетілетін қызметті алушы алғанға дейін қабылдау орны бойынша сақтауды қамтамасыз етеді.

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7

Жұмыс кестесі

қызметті беруші: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда көрсетілетін қызмет берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
портал: жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерді беру келесі жұмыс күнімен жүзеге асырылады).

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www. edu. gov. kz интернет-ресурсында;
2) www. egov. kz порталында орналасқан.

8

Құжаттардың тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) құжаттарды қабылдау туралы өтініш;
2) білімі туралы құжаттың түпнұсқасы;
3) 3x4 см көлеміндегі 4 дана фотосурет;
4) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтама, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы;

5) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны салыстыру үшін). Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттарды жеке өзі немесе заңды өкілдері ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушылар – шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың мәртебесін айқындайтын, тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқын куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) қандас – қандас куәлігі.

Порталға:
1) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жері көрсетілген, оның өкілінің ЭЦҚ қойылған көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының (немесе оның заңды өкілдерінің) бірінің электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2) білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі немесе электрондық түрдегі білім туралы құжат;
3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 075-У нысаны бойынша медициналық анықтаманың, I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21759 болып тіркелген) бекітілген № 031-У нысаны бойынша медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысының электрондық көшірмелері;
4) 3x4 см көлеміндегі цифрлық фотосурет;
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, онда:

1) тапсырылған құжаттардың тізбесі;

2) құжаттарды қабылдап алған қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, сондай-ақ байланыс деректері көрсетіледі.

Белгілі бір аумақта тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар осы тармақтың бірінші абзацының 4) тармақшасында және екінші абзацының 3) тармақшасында көрсетілген құжаттарды шектеу іс-шараларының алынуына, төтенше жағдайдың тоқтатылуына қарай тікелей білім беру ұйымдарына ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдар, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

1) Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда электрондық нысанда портал арқылы немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін порталдың есептік жазбасына тіркеген және қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алады;

2) Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің анықтама қызметтері, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы «1414», 8 800 080 7777 арқылы алады.

 

Қосымша 2

Жоғары инженерлік – технологиялық  колледжіне түсу емтихандарын тапсыру үшін орта білім, кәсіби, техникалық оқу бағдарламалары бойынша мамандарды дайындауды жүзеге асырудағы мамандық бейіні бойынша  жалпы білім беретін пәндер тізімі

 

Мамандықтар атауы

Бейін бойынша пән атауы

9 сынып негізінде

11 сынып негізінде

Құқықтану

Құқық негізі

Основы права Әдебиет (оқыту тілдері бойынша) Литература по языкам обучения

Дүниежүзі тарихы

Всемирная история

Құқық негіздері

Основы права

Есеп және аудит

Алгебра Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

Алгебра и начала анализа

Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

Алгебра и начала анализа

Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

Алгебра и начала анализа

Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалсты басқару

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

Алгебра и начала анализа

Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

Алгебра и начала анализа

Мұнай және газ - кен орындарын пайдалану

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

Алгебра и начала анализа

Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы

Химия

Физика

Химия

Физика

Ветеринария

Биология

Химия

Биология

Химия

Балық шаруашылығы (түрлері бойынша)

Алгебра

Биология

Алгебра және анализ бастамалары

Биология

Алгебра и начала анализа

Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау

Физика

Физика

Сүт өнімдерінің өндірісі

 

Химия

Биология

 

Химия

Биология

Ет және ет өнімдерін өндіру

 

Химия

Биология

 

Химия

Биология

Ауыл шаруашылығын механикаландыру

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Физика

Алгебра и начала анализа

Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)

Алгебра

Физика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

Алгебра и начала анализа

Бағдарламалық қамтамасыз ету(түрлері бойынша)

Алгебра Информатика

Алгебра және анализ бастамалары

Информатика

Алгебра и начала анализа

 

ЖОҒАРЫ ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

(оқу орнының атауы)

 

 

 

Өтініш

 

 

Түсушінің аты-жөні ________________________________________________

 

ЖСН   _____________________

 

Байланыс телефон_______________________________

 

Бірінші мамандықтың атауы және коды және ТжКОББ ұйымының атауы

_________________________________________________________________

Екінші мамандықтың атауы және коды және ТжКОББ ұйымының атауы

_________________________________________________________________

Үшінші мамандықтың атауы және коды және ТжКОББ ұйымының атауы

_________________________________________________________________

Төртінші мамандықтың атауы және коды және ТжКОББ ұйымының атауы

________________________________________________________________

Базалық білім  ________________

Оқу тілі  _____________________

Қабылдау квотасы қарастырылған _____________________________

                                                               (қажетті санатты белгілеу қажет)

 

Конкурс өткізу бойынша Бірыңғай нұсқаулықпен таныстым

Дербес деректерді жинақтауға, өңдеуге келісім беремін: ия (жоқ)

 

Қосымша  4

 

 

                    Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың алынғаны туралы қолхат

 

Оқу орны _________________________________________________________________

(оқу орнының атауы)

      __________________________________________________________________________

(елді мекен, аудан, қала және облыс атауы)

 

      Құжаттардың қабылданғаны туралы № _________ қолхат

      _____________________________ мынадай құжаттар алынды:

      (көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә. (бар болса)

 

  1. Өтініш
  2. ________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Қабылдады Т.А.Ә. (бар болса) _________ (қолы)

 

      20__ ж. "__" _____________

 

                    Қосымша 5

 

 

Нысан

 

Көрсетілетін қызметті

алушының тегі, аты, әкесінің

аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.

(бар болған жағдайда) немесе

көрсетілетін қызметті алушы

ұйымының атауы
_____________________________________
(көрсетілетін қызмет алушының

мекенжайы)

                         

                              Құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат

      

        «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-1 бабын басшылыққа ала отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы ___________________________________ (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынбауыңызға байланысты және (немесе) қолданыс мерзімі өткен құжаттарды _________ мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

 

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) ____________________;

      2) ____________________;

      3)....

      Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің/

      білім беру ұйымы қызметкерінің Т.А.Ә.

      (бар болған жағдайда) _________ (қолы)

      Орындаушының Т.А.Ә.

      Телефоны __________

 

      Алдым: Т.А.Ә. /көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20 ___ ж. "___" ______________

 

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.