СЕРІКҚАЛИЕВ ТАСБОЛАТ СЕРІКҚАЛИҰЛЫ

Білімі:
-Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі «Ветеринария»
- Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университеті «Құқықтану»
Марапаттары:
БҚО Білім Басқармасының Құрмет Грамотасы
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алғыс хаты
«ТАЛАП» КЕАҚ Алғыс хаты
БҚО әкімінің «Жыл үздігі-2020» премиясы
БҚО жастар саясаты мәселелері басқармасының алғыс хаты
Н.Назарбаев атындағы атаулы төсбелгі
Біліктілікті арттыру курстары мен тағылымдамалары:
- 2020 жыл - «Қазақстан жастарының конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінен жаңа көшбасшылық және стратегиялық құзыреттілікті алу бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті
- 2021 жыл - «Медиакеңістіктегі конфессияаралық диалог: ортақ құндылықтар мен тәжірибе» тақырыбында ЕҰУ-нің Біліктілікті арттыру және қосымша білім беру институтында 36 академиялық сағат көлемінде біліктіктілігін арттырды.
Жастар ісі жөніндегі комитеті колледждің қоғамдық, әлеуметтік-мәдени іс-шараларын ұйымдастырып, студенттермен тығыз жұмыс жүргізетін құрылымдық бөлімше. ҚР мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес жастар саясатын жүзеге асырып, маңызын айқындайды. Колледждегі қоғамдық-тәрбие жұмысы тікелей комитеттің басшылығымен іске асып отырады. Студент-жастардың «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын, қазақ халқының мәдени салт-дәстүрін ұстану, адамгершілік, терең рухани байлық, азаматтық бейнесін қалыптастыруға тәрбиелейді.
Студентке жеке тұлға ретінде өзін-өзі дамытып және сонымен қатар Қазақстанның ұлтжанды азаматы ретінде әлеуметтік қызметте жоғары кәсіби біліктілігін дамытуға қолайлы жағдай жасайды.
Студенттердің гуманисттік дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, ұлтжандылық сана-сезімін, құқықтық және саяси мәдениетін еркіндігі мен өзіндік ар-ұждандық сезімін, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуді қалыптастыруға атсалысады.
Жастар ісі жөніндегі комитеттің мақсаты – жастардың азаматтық, әлеуметтік, тұлғалық қалыптасуын және олардың әлеуметтік, инновациялық салада дамуына жағдайлар жасау. Алға қойған мақсаттарға жетуде келесі міндеттерді жүзеге асыруы қажет:
- Жастарды әлеуметтік тәжірибеге тарта отырып, оларға өзін-өзі дамытуда әлеуметтік мүмкіндіктері туралы ақпарат беру, ғылыми, шығармашылық жағынан камтамасыз ету және кәсіпкерлік белсенділіктеріне қолдау білдіру.
- Көшбасшылық дағдылары бар бастамашыл және талантты жастардың толық қалыптасуына қолдау білдіру
- Жастарға азаматтық білім мен патриоттық тәрбие беру, жастар арасында олардың мәдени және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал ету
Негізгі құжаттары
ҚР «Білім туралы» заңы; 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы; "Қазақстан 2020: болашаққа жол" Қазақстан Республикасы мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы.













