Әлеуметтік серіктестіктің дамуы
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде кәсіпорындармен әлеуметтік серіктес келесі бағыттарда жүзеге асырылады:
- өндірістегі мамандарды оқу процесіне қатыстыру және өндірісте дуалды оқыту жүйесін енгізу;
- өндірісте мамандықтардың филиалдарын ашу;
- өндірісте кәсіптік практиканы ұйымдастыру;
- педагогикалық қызметкерлердің кәсіпорындарда кәсіби дайындық сапасын көтеру;
- оқу жоспарлары мен бағдарламардың мазмұнын әзірлеу және келісу;
- түлектерді жұмысқа орналастыру.
Енбек нарығына мамандарға қойылатын қазіргі заманға біліктік талаптарын сәйкестендіру, жұмыс берушілер сұраныстарына кадрларды даярлау үшін педагогикалық кадрлардың кәсіпорындар мен ұйымдарда тағылымдамадан өту мүмкіндіктері қарастырылған. Жыл сайын колледж оқытушылары теориялық білімдерін практикамен ұштастырып «УралТехСервис» ЖШС, «БҚӘЖТК», «Желаев НӨК» АҚ, «Уральскнефтегазгеология» АҚ, «КазТрансОйл» АҚ, «Уральскагрореммаш» АҚ, «Қазақстандық метрология орталығы» ЖШС және басқада көптеген өндірістер мен мекемелерден тағылымдамадан өтеді.
Колледж әкімшілігі практика базаларын кеңейту, әлеуметтік серіктестік жүйесін қалыптастыру бойынша жүйелі түрде жұмыстарды өткізеді. Бүгінгі таңда, 58 практикадан өтуге өндірістермен келісімшартар бар, одан басқа 10 келісім шарт дуалды оқыту бойынша, 3 келісім шарт өндірісте мамандықтардың филиалдарын ашуға жасалған. Әр мамандық 3-8 практикадан өту базасымен қамтылған.
Әлеуметтік серіктестіктердің келісуімен колледжде оқу практикалар өту кезінде, өндірістерде практикалық-сабақтар ұйымдастырылады. Мұнда «Теориядан практикаға» деген принцип жақсы жұмыс істейді. Оқушы өндірістік жағдайлармен жұмыс істейді, күрделі теориялық тапсырмалар практика арқылы жақсы игеріледі.
Өндірісте мамандықтардың филиалдардарын ашу жұмыстары да жолға қойылуда. Дуалдық жүйенің элементтерің енгізу барысында колледждің Мұнай-газ және стандарттау және Экология және биотехнология бөлімдерінің филиалдары «Уральскнефтегазгеология» АҚ және «Қазақстан Ғылыми зерттеу ветеринарлық станциясы»-ң базаларында ашылды. Бұл өндірістік оқытуда тәжірибенің бір түрінен екіншісіне өту кезінде оқушылардың теориялық білімді бекіту, оларды нақты өндірістік міндеттерді шешу кезінде қолдану мүмкіндігін кеңейтті.
Мұндай сабақтардың формаларын оқу процесінде пайдалану, ең соныңда теориялық дайындықтың сапасына әсерін тигізеді жәнеде жалпы замануи өндіріс талаптарына сәйкес оқушының кәсіптік дайындығының денгейін көтереді.
Кәсіби жоғары мамандар дайындау мақсатында колледж оқу процессіне мекемелерлерден мамандарды тартады. Мамандарды өндірістен тартудың басты өлшемі оқу процесінің интеграциясын өндіріс қызметіне енгізу.
Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін колледж теориялық және практикалық сабақтарды өткізу үшін өндірістен мамандарды, жоғары оқу орындарының оқытушыларын шақырады, осылайша теория мен пракатиканы ұштастырып, колледж бітірушілердің кәсіби ортаға тез бейімделуіне жағдай жасайды.
Мамандықтар бойынша әлеуметтік серіктестіктер тізімі
|
№ |
Мамаңдықтың атауы |
Әлеуметтік серіктестіктер |
|
1 |
06130100 Бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша) |
1. «NGK Finance Group» ЖШС 2. Сервис-центр «Аэлита» ШК 3. «Казпочта» АҚ 4. Компания «IT - групп» 5. «Карачаганак Петролейум Оперейтинг» 6. «Карагулова» ШК |
|
2 |
07130200-Электрмен қамтамасыз ету (салалар бойынша) |
1. «ЗапКазРЭК» АҚ 2. «Уральский трансформаторный завод» ЖШС 3. «Электромонтаж» АҚ 4. «Карачаганак Петролейум Оперейтинг» 5. «Елорда кз» ЖШС 6. «ЕрАй құрылыс» ЖШС |
|
3 |
08410100-Ветеринария |
1. «Игілік»ШҚ 2. «Ізденіс» ЖШС 5. «Шамшырык» АШӨК |
|
4 |
04110100-Есеп және аудит |
1. «NGK Finance Group» ЖШС 2. «VIKTORIA TRAVEL» ШК 3. «Карачаганак Петролейум Оперейтинг» 4. «Каспий банк» АҚ 5. «Госкорпарация» ХҚО 6. «Чапаевский плем завод» ЖШС |
|
5 |
07240900-Мұнай және газ кен орындарын пайдалану
|
1. «Уралнефтегаз» ЖШС 2. «Нургазпромстрой» ЖШС 3. «Карачаганак Петролейум Оперейтинг» 4.«Уральскнефтегазгеология» АҚ 5. «Тәуекел» ЖШС |
|
6 |
07320600-Жергілікті магистральдық және желілік құбырларды монтаждау
|
1. «Нургазпромстрой» ЖШС 2. «Карачаганак Петролейум Оперейтинг» 3. «Тәуекел» ЖШС 4. «Батыс Жобалау» ЖШС |
|
7 |
08110700-Балық шаруашылығы (түрлері бойынша) |
1. «Учебно-научный комплекс опытно-промышленного производства аквакультура» ЖШС 2. Балық шаруашылығының ҒӨО |
|
8 |
0420100-Құқықтану |
1. «Госкорпарация» ХҚО 2. «Карачаганак Петролейум Оперейтинг» 3. «NGK Finance Group» ЖШС |
|
9 |
07880100-Стандарттау, метрология және сертификаттау (салалар бойынша) |
1. ТОО «Уральский трансформаторный завод» 2. «Карачаганак Петролейум Оперейтинг» 3. Каз стандарттау институты 3. «Pro legal» ЖШС |
|
10 |
07110500-Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы |
1. «Карачаганак Петролейум Оперейтинг» 2. «Уралнефтегаз» ЖШС 3. «Тәуекел» ЖШС 4. «Уральскнефтегазгеология» АҚ |
|
11 |
07161300-Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану
|
1. «Агрореммаш» АҚ 2. «ОО Ардақтау» ЖШС 3. «Карачаганак Петролейум Оперейтинг» 4. «ЕрАй құрылыс» ЖШС 5. «Ізденіс» ЖШС 6. «Уральский трансформаторный завод» ЖШС |
|
12 |
10410300-Автомобиль көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару |
1. «Елорда кз» ЖШС 2. «Уральский трансформаторный завод» ЖШС 3. «ОО Ардақтау» ЖШС 4. «Карачаганак Петролейум Оперейтинг» 5. «Казпочта» АҚ 6. «NGK Finance Group» ЖШС |
|
13 |
07210100-Ет және ет өнімдерін өндіру |
1. «Кублей» 2. «Шамшырақ» АШӨК |













