Жоғары инженерлік - технологиялық колледжінде 2020-2021 оқу жылында колледждің 2,3,4 курс оқушыларына «Колледждегі жемқорлық деңгейі» тақырыбында өткізілген сауалнаманың интерпретациясы:
Өткізілген уақыты: наурыз 2021 ж
Қатысқан оқушылар саны:125 оқушы
Колледждегі жемқорлық жағдайы жөнінде студенттердің пікірін анықтау мақсатында «Колледждегі жемқорлық деңгейі» сауалнамасы жүргізілді. Оған барлығы 125 студент қатысты. «Колледжде жемқорлық жағдайына тап болдыңыз ба?» деген сұраққа студенттер бір ауыздан 100% «жоқ» деген жауап көрсетіп отыр. Студенттер жемқорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан шаралардан хабардар. Колледжде жемқорлық жағдайына студенттер тап болмаған. Жемқорлық түсінігін жеке мақсатта пайда табу үшін қызмет лауазымын асыра пайдалану деп біледі.Оқытушылардың аты – жөндерін оқушылар жазбаған.Жемқорлық жағдайы колледжде жоқ деген пікірді көрстеді.













