Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

«Араматты көмірсутектер. Арендер. Бензол»

15.04-19.04 сәуір аралығында жоспар бойынша жаратылыстану-математика пәндерінің апталығы өтті. Апталық барысында әртүрлі іс-шаралар өтті. 15-ші сәуірде апталықтың ашылуы болып, физика және математика пәндерінен 1-курс оқушылары арасында олимпиада оздырылды. 16-сәуірде Ж.И.Кульбабаева ЭЛС-911 тобында химия пәнінен «Араматты көмірсутектер. Арендер. Бензол» ашық сабақ өткізді. 17-ші сәуірде 1 курс оқушылары арасында А.К.Булатова, Н.С.Тайгаренова ұйымдастыруымен «МИФ» интеллектуалдық ойыны өтті. Оқушылар математика, физика және информатика пәндеріне деген қызығушылықтарын көрсетіп, белсене қатысты. 18-ші сәуірде Б.Б.Айтжанова ТПМ-911 тобында физика пәнінен «Жарықтың интерференциясы, дифракциясы, поляризациясы, дисперсиясы» атты ашық сабақ өткізді. 19-ші сәуірде апталықтың жабылуы болып, олимпиадаға қатысқан, жүлделі орын алған оқушылар марапатталды.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.