Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

«Қашықтықтан оқыту: сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін»

03.11 -02.12.2020 күндер аралығында Склад білім беру онлайн-платформа мекемесінің ұйымдастыруымен  «Цифровая компетентность педагога.Эффективное онлайн-занятие» 72 сағаттық курстан колледждің 7 жас оқытушылары өз біліктіліктерін арттырды.

 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен  «Қашықтықтан оқыту: сабақты әзірлеуден бастап білім беру процесін ұйымдастыруға дейін» тақырыбында  40 сағаттық курстан колледждің 52 оқытушылары өз біліктіліктерін арттырды.

 

Информатика пәнінің оқытушысы Н.С. Тайгаренова «Конференция- использование инновационных образовательных инструментов в преподавании информатики» атты Республикалық ғылыми -практикалық конференцияға қатысып, 1-орын дипломмен марапатталды /05.12.2020 ж/.

 

Оқытушы Н.С. Тайгаренова «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми-әдістемелік сайтында Информатика пәні бойынша оқу-әдістемелік материалы жарияланды.

 

«Еліміздің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу мен сақтаудағы ҚР Тұңғыш президенті –Елбасының рөлі» Республикалық қашықтықтан эссе байқауында ОПУД-911 топ студенттері Айтқалиева С., Губайдуллиева А. қатысып, сертификатқа ие болды. Жетекшісі: тарих пәнінің оқытушысы  А.Т. Ербулатова.

 

Халықаралық ғылым  мен білімді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Қазақтың ұлы ақыны А.Құнанбайұлының 175 жыл толуына орай «Әлем таныған Абай» атты оқушылар арасында өткен Республикалық байқауында «Ұлы ақын –А.Құнанбаев» номинациясы бойынша Қадырғалиев Аслан 1-орынға ие болды. Жетекшісі: тарих пәнінің оқытушысы Л.А. Қанаткалиева.

 

Республикалық «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған  «Суреттер әлемі» байқауына ВТ – 11 топ студенті Г.А.Мырзагалиева қатысып, 1 орын иеленгені үшін  дипломмен  марапатталды. Жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Е.М Есиркепов.

 

Республикалық «Мұрагер» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған  «Үздік мақала» байқауына арнайы пәндер оқытушысы Е.М Есиркепов қатысып, 1 орын  дипломмен  марапатталды.

 

Республикалық «Өнеге» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған  «Әлемнің жеті кереметі» байқауына ВТ – 11 топ студенті Ж.К Абсатырова қатысып, Бас жүлде дипломмен  марапатталды. Жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы Е.М Есиркепов.

 

Республикалық IV«Табыс кезеңдері» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған  «Менің болашақ мамандығым» әссе байқауына  ТПМ – 931 топ студенті А.Ақназарова қатысып, 1 орын дипломмен  марапатталды. Жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы А.Б. Алмұқанова

 

Республикалық IV«Табыс кезеңдері» интеллектуалды білім порталы ұйымдастырған  «Абай Құнанбайұлы қазақтың біртуар Ұлы ақыны» әссе байқауына  ТПМ – 931 топ студенті С.Муталиева қатысып, 1 орын дипломмен  марапатталды. Жетекшісі арнайы пәндер оқытушысы А.Б. Алмұқанова.

 

«Ғылым шарайнасы» атты ХІІІ Республикалық колледж және ЖОО  студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысында   экономика және серсис бөлімінің оқушысы Ищанов  Нұрымғали Жақияұлы ІІІ орынға ие болды. Ғылыми  жетекшісі: Такесова А.К.

 

«Ғылым шарайнасы» атты ХІІІ Республикалық колледж және ЖОО  студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары сайысында   студенті жоғары жетістікке қол жеткізіп, жүлдегер атанғаны үшін экономика және сервис бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы Такесова А.К.  дипломмен марапатталды.

 

«НАУКА И ОБРАЗОВАНИЕ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: ВЫЗОВЫ ХХІ века» атты VІІ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына экономика және сервис бөлімінің арнайы пәндер оқытушысы А.К.Такесова және  студент  Ищанов  Г.Ж. қатысып, сертификат иеленді.

 

 www.nio.kz  Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты  «Қазақстан тарихы» пәнінен ұйымдастырған  қашықтық олимпиадасына ОПУД-931 тобының студенті  Самигулллиев Жасулан  қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: арнайы пәндер оқытушысы Хабибуллина Д.Т.

 

www.nio.kz  Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты Құқық  пәнінен ұйымдастырған  қашықтық олимпиадасына экономика және сервис бөлімінің студенттері Самигулллиев Жасулан  және Рахметова Шахназ  қатысып, сертификатқа ие болды.

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.