17 қараша Халықаралық студенттер күні Жоғары инженерлік-технологиялык колледжде студент жастарының колледж өмірінің түрлі салаларын дамытуға қатысуы мен рөлін арттыру, үлгерімін, шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін және басты мәселелерді шешуде студент жастардың әлеуетін пайдалануды ынталандыру, талантты жастарды қолдау аясында “Үздік студент-2020” байқауы өткізілді. «Үздік студент-2020» қатысушылар өздері туралы 3-4 минуттан аспайтын бейнеролик түсіріп (өзі туралы мәлімет, өмірлік ұстанымдары, хобби, жетістіктері). Бейнероликтер инстаграм желісінде wketc.kz парақшасында жарияланып, жеңімпазы белгілі болды.
“Үздік студент-2020” байқауының жеңімпазы Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ''Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету'' мамандығының 2 курс студенті Қадырғалиев Асылан.
Жетістіктері:
- ''Күз ханзадасы - 2019'' жеңінпазы
- ''Дарабоз'' мәнерлеп оқу конкурсының 1-орын иегері.
- ''Өнеге'' интеллектуалды білім порталының Республикалық мәнерлеп оқу жарысының Бас жүлдегерінің иегері.
- ''Алаш ардақтылары'' атты республикалық өнер байқауының 2-орын иегері.
- Фариза Оңғарсынованың 80 жылдығына арнайы өткізілген облыстық мәнерлеп оқу жарысының 3-орын иегері.
- Қашықтыққа жүгіру жарыстарының жүлделі 2-орын иегері.
- Облыстық, аудандық ''Пікірсайыстардан'' сертефикаттарға ие болды.
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/1054-445282.html#sigFreeId37817e3471






















