Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

«Күмбірлеген күміс күй»

20 қараша Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» мақаласы аясында, әйгілі күйші-композитор, жүректің қылын шертетін «төре күйлерінің» негізін қалаушы Дәулеткерей Шығайұлының туғанына 200 жыл мерейтойына орай «Күмбірлеген күміс күй» атты әдеби сазды кеші өтті.

 

Кеш қонақтары: Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі, Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижеры, Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс қазақстан мемлекеттік университетінің қауымдастырылған профессоры, Мәдениет саласының үздігі, "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, "Құрмет" орденінің иегері Еркін Шаяхметұлы Нұрымбетов және Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің домбырашылары, республикалық конкурстардың лауреаттары Аңсар Бердіғалиев, Әлібек Қуанышалиев, Тұрлыхан Абуханов.

 

Кеш барысында Дәулеткерей Шығайұлының өмірбаянымен таныстырылып, күйлері орындалды.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.