Батыс Қазақстан облысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік грантының аясында «Жас қанат» ЖҚБ ұйымдастыруымен, өңіріміздің ауылдық-елді мекендеріндегі оқушыларды қолдау мақсатында «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба аясында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің үздік үлгерімді студенттері: ТПМ-941 топ студенті Курманова Дания, ОПУД-941 топ студенті Гулназ Өтемісова, ВТ-941 топ студенті Тасболат Серікқалиев, БҚО ауыл аймақтарындағы мектеп оқушыларына ҰБТ дайындығы, құқық сауаттылығы, пәндік олимпиада мен ғылыми жобаларға дайындық сынды бағыттар бойынша волонтерлік көмек көрсетіп, БҚО "birgemiz: bilim" жалпыұлттық жобасының "Үздік волонтері" аталымын жеңіп алып, диплом және арнайы сыйлықпен марапатталды.
Студенттерімізді құттықтаймыз!























