25 қыркүйек күні инстаграм желісінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру және студенттердің діни сауатын ашу, діни білім беру арқылы келер ұрпақты адамгершілікке, мейірімділікке, мәдениеттілікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты онлайн кездесу өтті.
Тікелей эфир арқылы колледждің жауапты кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторы, полиция капитаны Халиолла Айнур Нурланкызы және БҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Дүйсенәлі Бейімбет Жамбылұлымен онлайн кездесу өтті.























