Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Желтоқсан - Қаңтар жаңалықтары

8-ші желтоқсан күні Дін істер басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы Дүйсенәлі Бейімбет Жамбылұлы «Жоғары инженерлік-техникалық колледжінің» студенттеріне «Әл-Фараби білім, тәлім-тәрбие және адамгершілік туралы ой-пікірлері» тақырыбында ЗООМ бағдарламасында тікелей эфирде рухани кездесу өтті. Қозғалған тақырыптар: Әл-Фараби білім, тәлім-тәрбие және адамгершілік туралы ой-пікірлері теріс ағымдардың шығу тарихы. Соның ішінде көркем мінез туралы Әл-Фарабидің 10 даналық сөзі мен хадистер айтылды.

 

Жоғары инженерлік-технологиялық колледждің студенті БҚО әкімі жастар сыйлығының жеңімпазы

Орал қаласында дәстүрге айналған “Жыл үздігі-2020” премиясының марапаттау рәсімі өтті.

“Жыл үздігі-2020” премиясы жыл сайын әр салада қызмет етіп жүрген жастардың арасында үздіктерді анықтауға бағытталған жылдың қорытынды шарасы ретінде өткізілетін айрықша жоба.Биылғы жылы аталмыш жобада Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің 4 курс студенті Тасболат Серікқалиев «birgemiz:bilim»жалпыұлттық жобасы бойынша үздік атанды

 

 

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсаны күні БҚО Білім басқармасы,Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен “Ел болашағы-іскер жастар қолында” атты облыстық форумы ұйымдастырылды.Форумға аймақтық,ұлттық,халықаралық чемпионаттардың жеңімпаздары,түрлі қоғамдық ұйымдардың көшбасшылары болып жүрген техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері шақырылып,салтанатты жиын ретінде өтті.Форум барысында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің Ветеринария мамандығының 4 курс студенті Тасболат Серікқалиев Батыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы Мыңбаева Айгүл Әділгерейқызының арнайы алғыс хатымен марапатталды.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының волонтерлері арасында

«Жылдың үздік еріктісі-2020» атты облыстық онлайн байқауы өтті.

Мақсаты: Еріктілер жылы аясында қашықтан оқыту жағдайында колледж студенттерінің ерік¬тілер қозғалысын, олардың жетістіктерін насихаттап, дамыту арқылы жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, патриоттық сезімдерін ояту. Белсенді еріктілердің арасынан көшбасшыларды анықтау, үздік еріктілерді ынталандыру болып табылады.

Аталған байқаудың «Біз біргеміз» аталымының жеңімпазы Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің «Мейірім» еріктілер клубы (Жетекшісі:Әсел Ильясова) марапатталды.

 

 

24 желтоқсан күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің әкімшілігінің ұйымдастыруымен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ілгерілету, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу мақсатында БҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын-алу және адалдық бөлімінің басшысы - Хайруллин Биржан Марданович «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында вебинар өткізілді.

Ағымдағы жылдың 25 желтоқсаны күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің жастар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында колледж студенттері мен учаскелік инспекторы Полиция ага сержанты Кыдрашев Нурлыбек Кобландиевичтін қатысуымен “Құқық бұзушылыққа Нөлдік төзімділік” тақырыбында онлайн вебинар өткізілді.

Нөлдік төзімділік-бұл азаматтардың теріс реакциясы немесе ең ұсақ құқық бұзушылықтарға да төзгісі келмеуі. Рұқсат пен тәртіпсіздік сезімі неғұрлым ауыр құқық бұзушылықтар жасауға негіз болады.

Учаскелік инспектор Кыдрашев Нурлыбек Кобландиевич қоғамда осы мәселе бойынша қоғамдық сананы қалыптастыру қажеттігін атап өтті, ұсақ құқық бұзушылықтарға төзбеушілік атмосферасын құру ғана қылмысқа қарсы күресті күшейтудегі маңызды қадам болатындығын атап өтті. Сондай-ақ, ол студенттерді Батыс Қазақстан облысында орын алған кәмелетке толмағандар жасаған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар туралы статистикалық деректермен таныстырды, кездесуге қатысушыларды осы құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін әкімшілік жазалау шаралары, оларды құқық бұзушыларға қолдану тәртібі туралы хабардар етті.

 

 

 

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсаны күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс - қимыл, жүріс - тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан - жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани - адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту. Жеке бас гигиенасын сақтауға, әдепсіздік пен азғындық жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында Аналар мектебінің мүшелерімен ұйымдастырылған «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты онлайн кездесу өтті.

 

 

 

Діни сауаттылықтың жоқтығы жастардың адасуына әкеп соқтырады. Сол себепті қателіктің алдын алу мақсатында, 2021 жылдың 13-ші қантар күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің 1 курс студенттерімен БҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы Дүйсенәлі Бейімбет Жамбылұлымен кездесу өтті.. Кездесу барысында қазіргі таңда жастардың арасында намаз оқу көбейіп бара жатқандығы, теріс діни ағымнан алдын алу туралы көптеген мәліметтер айтып өтті.

 

  

 

Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция инспекторы, полиция ага сержанты Кыдрашев Нурлыбек Кобландиевичпен 2021 жылдың 14 қантар күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің 1 курс студенттерімен кездесу өтті. Кездесудің мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру.

 

  

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.