18 ақпан күні ПОВТ-921 тобында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке үлес» тақырыбында онлайн-дәріс ұйымдастырылды. Мақсаты: Қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына атсалысқан бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресін, Қазақстанның және оның басшысының жаһандық және өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша көтерген, сондай-ақ іске асырылған бастамаларымен таныстыру. Қазақстан елінің бейбітшілікті сақтау жолындағы қадамдарын мақтан тұтуға, елін сүюге тәрбиелеу. Топ жетекшісі: Хабибуллина Д.Т.























