15 ақпан күні Жоғары инженерлік- технологиялық колледжінің ЭЛС-911 тобында топ жетекшісі Ж.А.Кубаеваның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30жылдығына орай " Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке үлес" тақырыбында Тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының мақсаты Қазақстан бейбітшілік пен келісім,тұрақтылық пен қауіпсіздікке идеяларын белсенді түрде жүзеге асырып жатқандығы туралы әңгімелей отырып, Қазақстанның бітімгершілік бастамалары, оның ішінде ядролық қарусыздандыру мен оны таратуды тоқтату саласындағы бастамаларымен таныстыру.
Қазақстан елінің бейбітшілік сақтау жолындағы қадамдарын мақтан тұтуға, елін сүюге тәрбиелеу.
Шара барысында оқушылар жүзеге асырылған бастамалары туралы баяндама оқып, жеткен жетістіктер туралы талқыланды.























