Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

"Алғыс айту парызым"

01.03.2021 ж . топ тәлімгері Ж.А. Кубаеваның ұйымдастыруымен ЭЛС-911 тобында Алғыс айту күніне орай "Алғыс айту парызым" атты ашық тәрбие сағаты өтті. Мақсаты 1 - наурыз - алғыс айту күні еліміздің президенті Н. Ә. Назарбаевтың жарлығымен жарияланғанын және алғыс кімге, не үшін айтылатынын айқындау мақсатын көздеді. Оқушылар ата - анаға мәпелеп асырағаны үшін, мұғалімге білім - тәрбие бергені үшін, Отан соғысы ардагерлеріне жеңіс үшін, жалпы кез - келген жақсылықпен көмекке алғыс айтылатыны туралы ойларын ортаға салды. туралы ой - өрісін кеңейтіп білімін тереңдету; Мемлекет басшысының «Мәңгілік Ел» жалпыхалықтық идеясын зерделеу және қазақ халқының алатын орнын сол идеяны жүзеге асырудағы рөлі арқылы оқушылардың бойында Отанына деген патриотизмін тәрбиелеу, рухани - адамгершілігін қалыптастыру; Білім алушылардың этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайларында тағаттылығы мен қарым - қатынас жасау біліктілігін дамыту.

Шара барысында оқушылар алғыс айту күнінің шығу тарихымен бөлісіп, ұстаздарына, ата-аналарына, туған жеріне алғыстарын өлең шумақтары арқылы білдірді.

 

    

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.