БҚО-ның колледждері студенттері арасында құрылған "Жалын" жастар штабының жоспарына сәйкес "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті"тақырыбында дөңгелек үстел өткен болатын. Дөңгелек үстелге Жалын жастар штабының жетекшілері мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Мұратов Ринат Ғинаятұлы қатысты. Дөңгелек үстел барысында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, сұрақтар қойылып тәжірибе алмасылды.























