БҚО жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ҚР Конституциясы күніне орай "Ата Заңым - айбыным" атты пікірсайыс турнирі өткізілді. Аталған облыстық турнирге колледжіміздің «Алаш» пікір-сайыс орталығы қатысып,бақ сынады. Іс-шара АПФ, ЛД форматында іріктеу, 1/2 финал және финал кезеңдерінен тұрды, жалпы турнирге 10 фракция қатысты. Қатысушылар диплом және сыйлықтармен марапатталды.























