Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

"Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя"

"Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя"- деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы - жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы - барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым. Осы қасиетті ұғымның қадыр-қасиетін студент жастарға түсіндіру мақсатында, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 8 күні  колледжінде Отбасы күніне орай "Отбасы-бақыт мекенім" тақырыбында ВТ-21 және ВТ-931 топ студенттерінің ұйымдастыруымен сыныптас тыс шара өтті. Әуелеген ән мен түрлі көркем сөздер оқылып, студенттер арасныда отбасы құндылығын насихаттау бойынша ситуациялық сұрақтар талқыланды.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.