Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Старосталар кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысында ішкі тәртіп ережелері талқыланып, 1 курс студенттерімен танысу жұмыстары жүргізілді

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде 2019 жылдан бастап старосталар кеңесі жұмыс істейді. Старосталар студенттердің үлгерімі, сабаққа қатысуы мен оқу тәртібін қадағалап қана қоймай, сапалы білім алу көрсеткіштерін жақсартуға атсалысады. Сонымен қатар, студенттердің білім беру процесінің сапасын басқаруға қатысу құқығын іске асыруды қамтамасыз етеді және Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі студенттерінің өмірін жақсартуға бағытталған жобаларды енгізу бойынша мәселелерді талқылау мақсатында колледж басшылығы – Әкімшілігімен жиі-жиі кездесіп тұрады.

Старосталар кеңесінің кезекті кеңейтілген отырысында ішкі тәртіп ережелері талқыланып, 1 курс студенттерімен танысу жұмыстары жүргізілді.Кездесу барысында Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Т.Серікқалиев старосталардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық көмек көрсетті.

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.