Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің тәрбие бөлімінің мамандарф Ж.К.Балуанова мен Т.С.Серікқалиев XVII Еуразиялық Медиафорумға қатысты

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің тәрбие бөлімінің мамандарф Ж.К.Балуанова мен Т.С.Серікқалиев XVII Еуразиялық Медиафорумға қатысты. Қазіргі заманның мәселесі, жаһандық сын-тегеурін мен саяси, әлеуметтік, идеологиялық дағдарыстан шығу жолдары – осы және өзге де түйткіл бүгін шеберлік сыныптар шеңберінде талқыланды.

Жазушы, режиссер, Кремний алқабындағы (АҚШ) цифрлық революция саласындағы белгілі сарапшы Эндрю Кин технологияларды дамытумен қатар, адамгершілік, қоғам үшін жауапкершілік сынды басты құндылықтарға негізделген болашақты жасау жолында еңбек етудің маңызды екенін атады.

«Жаңа бетбұрыс: Ауғанстандағы оқиғалар Орталық Азия аймағына қалай әсер етуі мүмкін?» атты дөңгелек үстел аясында өзекті мәселелер талқыланды.

Дөңгелек үстел барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының Халықаралық бағдарламалар орталығының жетекшісі, модератор Қайрат Әбусейітов талдау орталықтарының басшылары мен саясаттанушыларға да қатысты мәселе қозғады.

Дөңгелек үстел кезінде бүгінде Ауғанстандағы ахуалдың екіұшты екені айтылды. Сарапшылардың пікірінше, елдің дамуының бейбітшіл бағытын іске асыруда алға басушылық байқалмайды. «Гуманитарлық, азық-түлік, экономикалық дағдарыс бар. Бұл елдің одан әрі құлдырауына әкелуі мүмкін», - деді тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар институтында Таяу Шығыс зерттеулері орталығының басшысы (Ресей) Ирина Звягельская.

Спикерлер атап өткендей, егер елде тәртіп, қауіпсіздік, өмір сүру ережесінде белгілі бір жеңілдіктер болмаса, онда Ауғанстанды қалпына келтіру мен дамытудағы халықаралық көмек жайына қалады. «ШЫҰ, ҰҚШҰ және т.б. халықаралық ұйымдардың рөлі зор. Келіссөздерді белсенді түрде жүргізу қажет», - деді дөңгелек үстелге қатысушылар.

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.