Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

1 қазан- Қарттар күні!

Қарттар күнін атап өтудегі басты мақсат - әлеуметтік жағынан аз қорғалған қарт адамдарға, аға буын жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге көңіл бөлу, оларға материалдық, қайырымдылық көмек көрсету. Бұл күні елімізде ғана емес, дүние жүзінің түкпір-түкпірінде қарттарға арналған мерекелік іс-шаралар өткізіліп, білім алушылар мен жастар тарапынан қарияларға арналған алуан түрлі қызықты да танымды жобалар ұйымдастырылады. Игі дәстүрден Жоғары инженерлік-технологиялық колледжіде тыс қалған емес. Қарттары бар ел - бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін! Құрметті ардагерлер, дендеріңізге саулық, отбасы-әулеттеріңізге амандық, Отанымызға бақ-береке тілейміз! 01 қазан күні СӨӨБҰ студенттері қариялар күніне орай қала түрғындарының көнілдерін көтеру мақсатында, гүл шоқтарын таратып, мерекемен құттықтады.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.