Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

«Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында кездесу өтті

7 қазан күні 11 – қазан Халықаралық қыздар күніне орай, қыз балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл, жүріс-тұрыс дағдысы, қыз намысы, сымбаты туралы жан-жақты мағлұмат беру арқылы қыз балалардың бойына рухани – адамгершілік, әдептілік, сыпайлық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерді дамыту мақсатында «Қызға қырық үйден тыйым» тақырыбында кездесу өтті. Кездесу қонақтары «Аналар үйінің» директоры Шканова Замзагуль Заитовна және психолог Хайруллина Алмагуль Сансызбайкызы. 7 қазан күні 11 – қазан Халықаралық қыздар күніне орай жазушы Шүйіншәлиева Мира Хамзақызымен колледж қыз-бала студенттерімен «Қыз бала – ұлттын ұяты. Халықтын шырайы» атты кездесу өтті. Кездесуіміздің мақсаты қыз бала тәрбиесін, әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың жаршысы екенін айту. Қыз баланы құрметтеп, қастерлей білуге тәрбиелеу. Қазақ халқының ұлттық болмысын сақтай отырып, қыздарға жат қылықтарды ажырата білуге, олардың денсаулығына, ұлт болашағына, рухани байлығына, тәрбиесіне келтіретін зияны туралы түсінік беру, олардың ішкі және сыртқы жан дүниесінің әдемі де арлы болуына шақыру. Достармен және құрбылармен күнделікті қарым-қатынаста жаман әдеттерден аулақ болу қағидаларын ұстануға тәрбиелеу.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.