Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

08 қазан күні колледжімізде «Қазақстанда әйелдер мен қыздар құқығы» атты құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесуі өтті

Әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылық – қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі. Зорлыққа жол бермеуіміз керек. Бұл денсаулық пен өмірге қауіпті мәселе гендерлік теңсіздік, билікті теріс мақсатта пайдалану және жағымсыз нормалардан бастау алады. Зорлық-зомбылық әйелдердің қоғамдық өмірге араласуына кедергі келтіреді. Гендерлік зорлық-зомбылық отбасылар мен қоғамдастық арасындағы байланысты әлсіретіп, елдердің әлеуметтік тұрақтылық пен экономикалық дамуға қол жеткізуіне жол бермейді. Сол себептен 08 қазан күні колледжімізде «Қазақстанда әйелдер мен қыздар құқығы» атты құқық қорғау органдары қызметкерлерімен кездесуі өтті. Кездесуге полиция лейтенанты Қыдрашев Нұрлыбек Қобландиевич пен полиция ага лейтенанты Болатова Лида Болаткызы қатысып, колледжіміздің кыз-бала студенттеріне ақпарат беріп, сұрақтарына жауап берді.

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.