12 қазан күні Жоғары инженерлік- технологиялық колледжінің Түлектер қауымдастығы Президенті Сапиуллин Қобыланды Жұлдызұлы колледждің бітіруші топ студенттерімен кездесті. Жас мамандарға мемлекеттік бағдарламалар мен колледждің әлеуметтік серіктестері арқылы жұмысқа орналасу жолдарымен мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндіктер туралы баяндап, жас мамандардың сұрақтарына жауап берді.
























