Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

«Жас сарбаз-ел тірегі» тақырыбында облыстық семинар өтті

9 қараша күні колледжінің базасында өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында «Жас сарбаз-ел тірегі» тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарға Орал қаласындағы «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы мүшелері және ZOOM платформасы арқылы облыс аудандары қатысты. Аталмыш семинарда ЖИТК АӘТД пәні оқытушысы С.Г.Қосдаулетов баяндама жасап, ЖИТК студенттерінен құралған «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының даму бағыты бойынша мәлімдеді. Семинар барысында сөз алған Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Т.С.Серікқалиев ҚР Білім және Ғылым министрлігінің № 24 бұйрығына сәйкес «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының жұмысын қайта жүйелендіру бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

 

 

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.