Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

«Жастар жалыны» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық пікір-сайыс турнирі өтті

17 қараша күні Халықаралық студенттер күніне орай БҚО білім басқармасы және Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Жастар жалыны» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық пікір-сайыс турнирі өтті. Шараны ұйымдастырудағы басты мақсат - студент жастардың ұйымдастырушылық және критикалық ойлауын дамыта отырып, пікірсайысшыларға дебат технологиясы бойынша тәжірибе алмасу алаңын ұйымдастыру.Сонымен қатар, Қазақстандық қоғамдағы және әлемдік қауымдастықтағы көкейкесті мәселелерді көпшілік алдында талқылау мен сараптау жолдары арқылы, студент жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділіктерін арттыру. Студенттерге пікірсайыс технологиясы арқылы қосымша білім беру мақсатында өткен турнир қорытындысы бойынша «Үздік төреші» аталымымен Қоблан Ермекбаев пен Аңсағаным Хамидуллина, «Үздік спикер» аталымымен Мадияр Қобландиев, «Үздік талпыныс» аталымымен Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінің «Жанша» фракциясы, жүлделі III орын Бөрлі колледжінің «Оян, қазақ!» фракциясы, жүлделі II орынды Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің «Жастар» фракциясы, жүлделі I орынды Республикалық жоғары техникалық колледжінің «Өрлеу» фракциясы иеленсе, «Ақиқат пікір-талас орталығы» жастар қоғамдық бірлестігінің арнайы жүлдесін Жалпақтал аграрлық және салалық технологиялар колледжі иеленді.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.