Ақпан айының 10 күні «Бейне сабақтарды құру жолдары» тақырыбында колледж оқытушыларына арналған оқу семинары ұйымдастырылды. Бейне-сабақты қолдану ақпаратты жоғарғы көрнекілікте көрсету және жаңашылдық элементін енгізуге көмектеседі. Көркемдеулер және анимацияланған процестер назардың көбірек аударылуына, қарастырылатын тақырыпқа байланысты қызықтырушылық тудырады. Егер оқытушының түсіндіруін студент дұрыс қабылдай алмай қалса, бейне-сабақтар арқылы түсіндіру қабылдауға жеңіл әрі қызықты. Мұндай әдіс жаңа материалды түсіндіруге кететін уақытты азайтады. Яғни қажеттілігінше бейне-сабақтарды пайдалану студенттің пәнге қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.






















