«Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы» дейміз. Алайда жылдар жылжыған сайын жас ұрпақтың денсаулығына жауығатын қатерлі заттардың қатары көбейіп барады. Абыройдан айыратын алкоголь мен естен тандыратын есірткіден арыла алмай жүргенде ұрпақ санасын улайтын тағы бір тұйыққа тап болдық. Мерейімізді өсіре ме деп жүрген жастардың ендігі ермегі – электронды шылым болып тұр, сол себептен студенттердің зиянды әдеттерден бойын аулақ ұстауға, салауатты өмір салтын сақтауға, электронды шылым шегудің денсаулыққа қауіпті екендігі туралы мағлұмат беріп, ойларын ашық айтуға үйрету, шығармашылық белсенділіктерін дамыту мақсатында колледжіміздің белсенді студенттері «Вейп: Ел жастарының ендігі ермегі – электронды шылым» атты студенттермен сұқбат жүрді. Сұқбат барысында Абай Пб кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы Дуйсенбиева Улболсын Батырханқызы ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізді.
«Ұрпақ саулығы – ұлт саулығы»






















