Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде кәсіптік бағдар беру бойынша оқытушыларға семинар өтті. Семинар барысында оқытушыларға әр мамандықтың артықшылығы мен бағыты, колледждің берер мүмкіндіктері толық түсіндіріліп, айтылды.
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/1672-nauryz-ajynda-tkizilgen-is-sharalar-turaly-a-parat.html#sigFreeId8eaf6ec0a4
https://www.facebook.com/100040431936750/videos/308116034719379/
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен студент жастарға ақпараттық насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күрес жөніндегі маманымен семинар-тренинг өтті.
https://www.facebook.com/100040431936750/videos/1676618642686876/
Ағымдағы жылдың 4 наурызы күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялар университетінің инженерлік-гуманитарлық факультетінің ұйымдастыруымен «Mister University» байқауы өтті. Кіл үздіктердің басын қосқан байқауға колледжіміздің белсенді студенттері Асылан Қадырғалиев пен Темірлан Бағыт қатысып, өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша «Mister University» байқауының жеңімпазы ретінде Асылан Қадырғалиев танылса, 2 орынмен Темірлан Бағыт марапатталды. Жеңімпаз студенттерімізге ақшалай және түрлі бағалы сыйлықтар табысталды.
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/1672-nauryz-ajynda-tkizilgen-is-sharalar-turaly-a-parat.html#sigFreeId0c9f584a08
https://www.facebook.com/profile.php?id=100040431936750
10 наурыз күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен оқушыларға кәсіптік бағдар беру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қалалық мектептердың 9-11 сынып оқушылары арасында қалалық волейбол турнирі өтті.
Турнир қорытындысы бойынша: 3 орынды 10 мектеп, 2 орынды 47 мектеп, 1 орынды 50 мектеп қанжығасына байлады.
https://www.facebook.com/100040431936750/videos/2516723915127403/
Ағымдағы жылдың 4 ақпаны мен 1 наурызы аралығында Батыс Қазақстан облысындағы Студенттік Парламент ұйымдарының жұмысын жүйелендіріп, студент жастарға белсенді азаматтық ұстаным мен қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу мақсатында өткізілген Республикалық "Алтын жүрек" челленджінде Облысымыз бойынша Бас жүлдеге ие болды.
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/1672-nauryz-ajynda-tkizilgen-is-sharalar-turaly-a-parat.html#sigFreeIda76f53d588
https://www.facebook.com/profile.php?id=100040431936750
Ағымдағы жылдың 12 наурызы күні Білім Басқармасы және “Орал студенттер альянсы” КҚ қолдауымен Республикалық жоғары техникалық колледжінің ұйымдастыруымен Ахмет Байтұрсынұлының туылғанына 150 жыл толуына орай, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында облыстық дебат турнирі өтті. Турнир қорытындысы бойынша Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің «Чудо» фракциясы жүлделі 1 орынға ие болды.
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/1672-nauryz-ajynda-tkizilgen-is-sharalar-turaly-a-parat.html#sigFreeId36c510e938
https://www.facebook.com/profile.php?id=100040431936750
Көрісу күніне орай асық атудан және бес асықтан 2002-2005 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында БҚО чемпионатында колледжіміздің студенттері:
Русланбекова Рысгуль- 1 ші орын
Максутова Асма -1 ші орын
Максотов Айбар -2 ші орын
Сахыпкереев Алихан - 2 ші орынга ие болды. Командалық есепте 1-ші орын алып ,шілде айында Қызылорда қаласында өтетін Чемпионат Қазақстан жарысына жолдама алды. Жаттықтырушысы Бустеков Мадияр Гарифуллиевич
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/1672-nauryz-ajynda-tkizilgen-is-sharalar-turaly-a-parat.html#sigFreeId70e8b89103
https://www.facebook.com/profile.php?id=100040431936750
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде «Елбасы медалі» ұлттық жобасының 2 қола жүлдегері марапат иесі атанды. Олар 6 ай бойы жеті бағыт бойынша тапсырма орындап, білім мен шеберліктерін жетілдірді. Спортпен шұғылдану, өнерге бет бұру, төл мұраны дәріптеу, қайырымдылық жасау мен кітап оқудан сынақ тапсырды. «Елбасы медалі» жас буынды жан-жақты дамытуды көздейтін ұлттық деңгейдегі бірегей бағдарлама.
Аталған жобаға колледжімізден 4 студент қатысып, 2 студентіміз үздік болып шықты. Олар «Тасымалдауды ұйымдастыру және көлікте қозғалысты басқару» мамандығының 4 курс студенті Жасулан Самигуллиев пен «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 2 курс студенті Ковалева Маргарита.
https://www.facebook.com/100040431936750/videos/1338560126658203/
https://www.facebook.com/100040431936750/videos/714168122911902/
«Тарихи тамыры тереңге бойлаған бұл салт – халқымыздың ұлыс болып ұйысуының жарқын көрінісі іспетті. Ата-бабаларымыз ертеден дәл осы күні бір-бірімен қуана қауышып, амандық-саулық сұрасып, ізгі тілектерін арнаған. Ұлы Абайша айтқанда, «Қырдағы ел ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, құшақтасып» мәре-сәре болған. Ұлық дәстүр ұлттық ерекшелігіміз ғана емес, ғасырларға жалғасып келе жатқан ұрпақтар сабақтастығының алтын көпіріне айналды. Көрісу – адамдардың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін ізгі амал. Бұл күннің өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын тағылымы мол. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігі табиғат-анамен тығыз байланысқан халқымыз үшін Көрісу дәстүрі – жаңару мен жасампаздықтың, ырыc пен берекенің бастауы.
Атаулы мереке қарсаңында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде 3 күн қатарынан студенттерімізбен, колледж ұжымы үшін Ұлттық тағам түрлерінен таныстырылым, ақпараттық-насихат жұмыстары жүргізілді.
https://www.facebook.com/100040431936750/videos/506129021024315/
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткізілген «Қол күресінен» Қазақстан Республикасының чемпионатында 60 кг салмақ дәрежесінде УА-912 топ студенті Мираида Русланбекова 1 орынға ие болды.
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/1672-nauryz-ajynda-tkizilgen-is-sharalar-turaly-a-parat.html#sigFreeId17d3bf9dd6
https://www.facebook.com/profile.php?id=100040431936750
Білім мен ғылымның іргелі ордасының ажарын ашқан айшықты күн. Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде Наурыз мейрамына арналған «Наурыз Думан» атты мерекелік іс-шара өтті.
Колледж ұжымы мен студенттері жиналған көпшілік назарына оқу ордасының өнер ұжымдары мен жекелей орындаушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінен сыр шертетін музыкамен әрленген театрландырылған көрініс те мереке ажарын айшықтай түсті.
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің директоры Алимбеков Серик Ахметович жұртшылықты ұлтымыздың ұлық мерекесімен құттықтап, бұл мейрам ұрпақтар сабақтастығының жəне халқымыздың тереңнен тамыр тартатын салт-дəстүрі мен мəдениетінің символына айналғанын айтты.
Сондай-ақ мерекелік шараға арнайы қонақ ретінде қатысқан Колледж Құрылтайшысы А.К.Бозымова, БҚИТУ студенттік өзін-өзі басқару ұйымы және Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы Қойылым бөлімінің басшысы және концерттік бағдарламалар жүргізушісі Исқали Данияр Лұқпанұлы
Облыстық, Халықаралық байқаулардың лауреаты, вокалист Мира Максимовна,
Темирбек Қараулы Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі, Қарақат мектеп-студиясының "Актерлік шеберлік" бөлімінің жетекшісі Ахметкалиева Бактыгуль Сакеновна колледж ұжымын Наурыз мейрамымен құттықтады.
https://www.facebook.com/100040431936750/videos/334152198766290/
Кеңес одағының батыры Г.М.Губаревті еске алуға арналған әскер жасына дейінгі жастардың қысқы спартакиадасында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенттерінен құралған командасын жүлделі 2 орынға ие болды.
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/1672-nauryz-ajynda-tkizilgen-is-sharalar-turaly-a-parat.html#sigFreeId253bcdef1a
https://www.facebook.com/profile.php?id=100040431936750
Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлыс өкілдерінің арасында БҚО Тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген «Наурыздың жеті қыры» атты байқауда 1 орынға ие болған колледжіміздің 3 курс студенті Пермитина Александра.
https://www.facebook.com/100040431936750/videos/530062518693040/






















