Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

13 –сәуір күні Ғылым ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазыбай Қараұлы Бозымов шақырылды...

13 –сәуір күні Ғылым ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Шараға ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Қазыбай Қараұлы Бозымов шақырылды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Жоғары аттестаттау комиссиясының 1996 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен «Зоотехния» мамандығы бойынша профессор ғылыми атағы берілді. Профессор Қ. Қ. Бозымов 233 ғылыми, оқуәдістемелік еңбектердің, мақалалардың, соның ішінде «Қазақтың ақбас сиыры» және «Түйе шаруашылығы» монографияларының, «Цитология, эмбриология, гистология негіздерімен жануарлар анатомиясының практикумы» мен «Жылқы және түйе шаруашылығы» оқулықтары, асылдандыру, ауыл шаруашылығы жануарларының ӛнімділігі мен асылтұқымдық қасиеттерін арттыруға арналған ұсынымдар мен нұсқаулықтардың авторы. «Ерлікке тағзым» және «Білім берудегі сапа менеджменті» кітаптарын шығарған. Оның жетекшілігімен 8 кандидаттық, 1 докторлық диссертация қорғалды.  Еңбек жолымен қысқаша фильм көрсетілді, студенттермен ашық диалог құрылды. Оқытушылар мен студенттер кездесуден жақсы әсер алды.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.