Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп,жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы.
Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу,кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осы тұрғыда студенттерге ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізу үшін Кәмелет жасқа толмаған балалар инспекциясының инспекторларымен кездесулер өткізілді.
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/1738-k-melet-zhas-a-tolma-an-balalar-inspektsiyasyny-inspektorlarymen-kezdesuler-tkizildi.html#sigFreeIddd7361b60a






















