Сәуір айының 13 күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің құрылтайшылары, академик, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессоры Қазыбай Қараұлы Бозымовпен және ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры Айгүл Қазыбайқызы Бозымованың қатысуымен колледж білім алушыларымен кездесу өтті.
Кездесу алдында студенттер Қ.Қ. Бозымов туралы өзінің жарқын тұлға, көрнекті ғалым, жоғары оқу орнының табысты жетекшісі, отандық жоғары білім берудің танымал ұйымдастырушысы ретінде қалыптасуы туралы баяндайтын деректі фильмді үлкен қызығушылықпен тамашалады.
Қазыбай Қараұлы Бозымов білімалушылардың кадрларды сапалы даярлауға, колледждің даму перспективаларына, практикалық кәсіби даярлауға, студенттерді әлеуметтік қолдауға және т. б. қатысты көптеген сұрақтарына жауап берді.























