Ағымдағы жылдың 15 сәуірі күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі және БҚИТУ инженерлік-гуманитарлық факультеттің ұйымдастыруымен Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күніне орай жастардың әзірлеуімен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Көрермендер назарына әлемді билеген махаббат тақырыбына арналған өлеңдер мен әндер, тарихи қойылымдар ұсынылды. Студент жастар көрермендерді Қозы Көрпеш пен Баян сұлу күнімен шын жүректен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.






















