Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде «Ақын-жазушы, журналист, прозаик, өлкетанушы, проза жанры бойынша «Қазақстан үздігі» және «Қоғам белсендісі» көптеген мемлекеттік медальдардың иегері Едігенов Нұрлан Маралбекұлымен «Әдемі гүл немесе сұхбат алаңы» атты әдеби кездесу кеші болып өтті.
Кешке оқу орынның студенттері мен оқытушылар қауымы, тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары мен оқу орнының кітапханашысы қатысты.
Жастарды жерлес ақынның шығармашылығымен таныстырып, патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу, ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуды мақсат еткен кеште ақын балалық, студенттік шақтарынан сыр шертіп, өзінің ақындық әлеміне қалай келгені туралы және кітап оқудың маңыздылығын, тәрбиелік мәні жағынан да ұтымдылығын студенттерімізге әдемі жеткізе білді.
Жылы жүзді, дархан жүректі ақынның ғибратты әңгімесінен қатысушылар ерекше әсер алды. Жерлесімізге шығармашылығы, өмірлік ұстанымдары туралы сұрақтар қойылды.
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/1754-demi-g-l-nemese-s-khbat-ala-y-atty-debi-kezdesu-keshi-bolyp-tti.html#sigFreeId997290e7d5






















