Жоғары инженерлік - технологиялық колледжінің ұжымының алдында жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөнінде кездесу болып өтті.
Отырысқа қатысқан оқытушылар референдум өткізу мәселесі бойынша өз көзқарастарын білдіріп, билік тармақтары арасындағы қатынастарда конституциялық реформаның рөлін, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді және азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуді талқылады. Кездесуге өңірлік штаб жетекшісі Сапаров Табылғали қатысты.
Жиында сөз алған Табылғали Сатқалиұлы бүгінгі таңда басты міндет азаматтарды Конституцияға енгізілгелі отырған өзгерістер мен түзетулер туралы хабардар ету екендігіне назар аударды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы қабылдаған саяси қадамдар «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатымен көрініс тауып отырғандығын атап өтті.






















