Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Жеңіс күні-барлық азаматтар үшін ең қымбат мереке

Жеңіс күні-барлық азаматтар үшін ең қымбат мереке. Біз бостандық пен тәуелсіздік үшін күрескен адамдарға терең құрмет көрсетеміз! Біздің студенттетр соғыстың адамдарға қайғы мен қасірет әкелгенін білуі керек. Студенттерде патриотизм сезімін, Ұлы Отан соғысының өткен оқиғаларына жанашырлық сезімін, соғыс ардагерлеріне құрмет сезімін қалыптастыру қажет.

 

6 мамырда осы ұлы мереке қарсаңында БҚИТУ акт залында тақырыптық концерт өтті. Студенттер өздерінің шынайы таланттарын көрсетті, соғыс жылдарындағы шынайы әндерді орындады, Ұлы Отан соғысы кезіндегі көріністер мен билерді орындады. Оқытушылар Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі туралы айтып, бейнепрезентациялар көрсетті.

 

Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы Күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.