Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Студент жастардың рухани мәдениетін көтеру.

02.10-09.10.2022ж. күндері  аралығында  Алматы қаласында Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білімнің  білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқада азаматтық қызметшілер үшін ұлттық біліктілік тестілеудің тест тапсырмалар базасын қалыптастыру үшін екінші сараптама жұмыстарын жүргізу үшін  арнайы пәндер оқытушысы Жумашева Айнур Насипкалиевна  сараптамалық жұмыс жүргізіп  келді.

 

Студент жастардың рухани мәдениетін көтеру.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Дәуірде ізі қалған тұлғалар» атты буккроссинг айлығы А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай және «Оқуға құштар колледж» жобасын іске асыру аясында колледж кітапханасында А.Байтұрсыновтың, М.Әуезовтың, М.Жұмабаевтың, Ш.Құдайбердіұлының әдеби шығармаларынан буккроссинг бұрышы ұйымдастырылды.

Айлықтың мақсаты мен міндеттері:  колледж студенттерін бос уақытында кітап оқуға баулу, кітапті оқуға қызығушылығын, оқу мәдениетін арттыру және  көркем әдебиетті, халқымызға еңбегі сіңген тұлғаларымыздың шығармашылық мұрасын колледж жастары арасында насихаттау. Ұлы тұлғалардың өмірін жастарға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу. Студент жастардың рухани мәдениетін көтеру.

Студенттер түрлі жанрдағы өздері қалаған кітаптарды алып оқи алады.

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.