Ағымдағы жылдың 5 қыркүйегі күні Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып колледж кітапханашысы А.Жумагулова, Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Тіл-халықтың жаны» тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Кездесуге қатысқан студенттер пікірсайыс технологиясы арқылы мемлекеттік тілдің қолданылу аясы, латын қаріпіне көшудің маңызы сынды тақырыптарды саралап, ой түйді.























