Қазан айының басындағы мереке – Қарттар күнін ерекше атап өту жақсы дәстүрге айналған. Бұл күн құрметке лайық, даналықтары мол, төзімді жандарға арналған.
Қарттар күні – жарқын мереке, ата-аналарымыздың, ата-әжелеріміздің мерекесі. Бұл мереке қоғамды ғана емес, қамқорлық пен ілтипатты қажет ететін адамдардың бар екенін еске салады. Бұл күні өткізілетін мерекелік іс-шаралар егде жастағы адамдарға жандарына жәй тауып демалуға, қарым-қатынас жасауға, ал біреуге жалғыздықты жеңуге мүмкіндік береді.
Мереке қарсаңында, 30 қыркүйек күні Марсель мейрамханасында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Қарттарым асыл қазынам» атты мерекелік жиын өтті.























