Өткізілген шара бойынша мәлімет
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде Айбынды Ұлттық ұланымыздың құрылған күніне арналған шара өткізілді. Колледждің құрметті қонағы 5517 Ұлттық ұлан әскери бөлімінің командирі орынбасары лейтенант Бақберген Қанағатұлы студенттерге Ұлттық ұлан туралы бейне ролик көрсетіп,қызық та маңызды әңгіме айтты. Кездесу соңында колледж директоры орынбасары Ж К. Балуанова Алғыс хат табыс етті.
16 қаңтар күні «Ыкпалды парламентті ынтымакпен
сайлайык» атты белсенді студенттер арасында ашық сайлау өткізілді.
17 қаңтар күні Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау және бақылау бөлімінің мамандары студенттер арасында жедел вирусты гепатит «А» жұқпасының тіркелуіне байланысты вирусты гепатитты алдын алу бойынша семинар өткізді.
Семинар барысында фекальды-нәжіс және тұрмыстық-қарым қатынас арқылы жұқтыру жолдарының таралуының сақтық шаралары түсіндірілді.
20 қаңтары күні КИНОКЕШ өтетілді. Кинокештен түскен қаражаттың барлығы қайырымдылыққа жұмсалатын болады.
Бүгінгі қоғамда ел арасында «құқықтық мәдениет», «құқық сауаттылығы» немесе «мен өз құқығымды жақсы білемін» дейтін сөздер жиі кездесіп жатады. Қандай да бір кикілжің жағдай болмасын, бірден «мұндай қылық жасауға сөз айтуға қандай құқығыңыз бар?» деп жатады.
Ал мұның астарында не бар? Жалпы құқықтық мәдениет дегеніміз не? Оның қаншалықты қажеттілігі бар ?
Бұл туралы Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі Студенттік Парламентінің Құқық және тәртіп фракциясы ой тарқатады
Қала тұрғындарын жағымсыз әдеттерден арылту және ел арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ЖИТК студенттік Парламентінің спорт және салауатты өмір, экология және еңбек фракциясының бірігуімен ұйымдастырылған шарада темекінің орнына жемістер үлестірілді. Ерікті жастар жиналған көпшілікке шылым шегудің адам ағзасына зияны туралы айтып өтіп, темекіден өз еріктерімен бас тартқан жандарға шылымдарды дәруменге айырбас жасады. Алаңқайда көңілді өткізілген шараға жақын келушілер қатары көп болды, оның ішінде темекіні сол мезетте тастауға ниет білдіргендер де бар. Көпшілігі ақпараттық мәліметтерді тыңдап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Ағымдағы жылдың 25 қаңтары күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде Старосталар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. 40 тан астам топ көшбасшыларын қамтыған шараға кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор Диана Қазақстанқызы «Ұсақ құқықбұзушылықтың алдын алу», ЖИТК студенттік парламент төрайымы Айлита Есбулатқызы Ішкі тәртіп ережелері, Студенттік парламент төрайым орынбасары Альбина Ғабитқызы Ар-намыс кодексін және Старосталар кеңесінің төрағасы Бекжан Абубекович кеңестің жұмыс жоспарын таныстырды
«Қызды тәрбиелегенің – бір ұрпақты тәрбиелегенің» деген екен ата-бабамыз. Бұл сөздің астарында үлкен мәселе жатыр. Қыз баланы тәрбиелеуде ұлттық тәрбие, ұлттық педагогика негіздерінің алар орны ерекше. Ұрпағымыздың бойына ұлттық тәрбиені, имандылық қасиеттерді сіңірсек, халқының әдеп-салтын жақсы білетін, ата-анасын сыйлайтын, ел үшін еңбек ететін ұрпақ тәрбиелеген боламыз. «Қыз – өріс, ұл – қоныс» деп ата-бабамыз айтқан, кеңейтер қыз балаға айрықша көңіл бөлген. «Қыз мінезді келсін, ұл өнерлі келсін» дей отырып, «қызға қырық үйден тыйым» жасайды. Осыған орай 26 қантар күні колледжіміздің студентер арасында “Қыз тәрбиесі-ұлт тәрбиесі” атты дөнгелек үстел өтті. Кездесу барысын да “Дін мәселесін зерттеу” орталығының теолог маманы Мулдагалиева Фариза Абатқызы және кәмелетжасқа толмағандар бойынша инспектор лейтенант Диана Қазақстанқызы қатысты
Ағымдағы жылдың 6 ақпаны күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 1,2 курстың ер балаларымен түсінік жұмыстары жүргізілді
2023 жылы 8 –ақпан күні БҚО ББ Білім беруді дамыту орталығы Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының жоспарына сай «АГРАРЛЫҚ САЛАДА ҒЫЛЫММЕН ӨНДІРІСТІҢ ҰШТАСУЫ – САПАЛЫ МАМАН ДАЙЫНДАУДЫҢ КЕПІЛІ» атты өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі» МЕББМ ұйымдастыруымен колледж базасында өткізілді. Конференцияға Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстық ТжКББ ұйымдарының өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, арнайы пəн оқытушылары мен оқу- өндірістік шеберлері және Жәңгір хан атындағы БҚАТУ мен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің профессор –аға оқытушысы, колледжіміздің әлеуметтік серіктестік құрамы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Ағымдағы жылдың 8 ақпаны күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде діни сауаттылыққа бағытталған кездесу өтті. Кездесуге БҚО дін істері басқармасының теолог маманы Жаиров Ерасыл Қайырханұлы қатысты
ИЯНДЫ ӘДЕТТЕРДЕН АУЛАҚ БОЛ!
9 ақпан күні колледж студенттеріне кездесу ұйымдастырылды.
Кездесудің спикерлері облыстық полиция басқармасының есірткі қылмысына қарсы аға жедел уәкілі Назаров Елдос Таттигалиұлы, халық ассамблеясының “Достық” клубының төрағасы, халықаралық волонтер Чудабаев Талғат Ғайсаұлы, облыстық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Даирбеков Ренат Рафикович,БҚО мәслихатының экс-депутаты, волонтер Мырзахметова Асель Кажиахметқызы.
Ағымдағы жылдың 10 ақпаны күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің Жас сайлаушылар клубының ашылу салтанаты өтті.
Клубты құрудағы мақсат - жастардың назарын сайлау процесінің өзекті мәселелеріне аудару, олардың сайлау белсенділігі мен құқықтық мәдениетін арттыру.
Ұйым жастар арасында сайлау құқықтарын түсіндіру бойынша қазіргі заманғы тәсілдерді әзірлеп, олардың сайлау процесіне қатысуының өзекті мәселелерін қарайды, жас буынның сайлау процесіне қызығушылығын арттырумен айналысады.
Клуб жұмысына колледждің жас мамандарымен студенттері атсалысады.
Клубтың алғашқы жиынының күн тәртібінде ЖИТК жас сайлаушылар клубының көшбасшысы ашық дауыс беру арқылы ЭНГМ-921 топ студенті Сансызбаев Мирас Ержанұлы сайланды.
2023 жылдың 10 ақпаны Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының ұйымдастыруымен Кеңестер әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына арналған «Ұрпаққа ерлік жолымен өнеге» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай іс-шара өтті.
Бұл күн - көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты күн болып қала бермек. Батырларға деген сый-құрмет ешқашан жоғалмайды.
Салтанатты жиынға ардагерлер, зиялы қауым өкілдері, жастар қатысты. Шараға БҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысып, Отан үшін от кешкен азаматтарға алғыс білдірді.
БҚО Ауғанстан соғысы мүгедектері қоғамдық бірлестігінің мүшесі Сергей Пунгин қаруластарын айтулы күнмен құттықтап, жастарға тағлым болар ойлармен бөлісті.
Әр сала маманының басын бір арнаға тоғыстырған «ЕКІ ЖҰЛДЫЗ»
Ағымдағы жылдың 15 қарашасы күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен «Әрбір шәкірт-бір жұлдыз» тақырыбында «Екі жұлдыз» өнер байқауы өтті.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаз ретінде:
1 орынмен алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысы Қосдаулетов Серік Ғалымжанұлы мен ПО-911 топ студенті Мәжен Дильназ
2орынмен Арнайы пән оқытушысы Байарстанова Аида Бауыржановна мен ПОВТ-941 топ студент Казихан Мейрамбек
3 орынмен Арнайы пән оқытушысы Каримова Эльвира Казимоллиновна мен ВТ-931 топ студенті Мақсотов Даулет марапатталды.
«Мейірім» еріктілер клубы
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде қайырымды істер айлығының аясында «Тәтті жұма» акциясы өтеді.
Тәтті жұмада түскі ас уақытында арзан бағада түрлі бокстар ала аласыздар. Жиналған қаржы толығымен қайырымдылыққа жұмсалады.
Өтетін орны: 13:00 ден бастап 3 қабат дәлізі
Тәтті жұма» қайырымдылық акциясының бас демеушілері
@fotosalon_ersultan
@yummy_maki_uralsk
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің Студенттік Парламенті ұйымдастыруымен кезекті «Әр жұма жақсылық» айлығындағы «Тәтті жұма» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл жолғы жұма жақсылығы тәтті тағам тарту ету арқылы қуаныш сыйлаумен көрініс тапты. Аталмыш акцияда студенттеріміз қасиетті күннің шарапатын насихаттау мақсатында жұма сайын осындай игі шараларды өткізуді қолға алған.
“Адамның шын мағынасындағы білімді болу үшін үш қасиет қажет – кең көлемді білім, ойлай білу және қайырымдылық сезім.”- деп ғалым Н.Чернышевский айтқандай, студент жастарымыздың бойына азаматтық қадір қасиетті сіңдіру мақсатында, ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні Студенттік Парламенттің Қамқорлық фракциясының ұйымдастыруымен жалғызбасты 5 баланың анасына қайырымдылық көмек көрсетілді
Бүгін ЖИТК жастары Орал қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықпен біріге қар тазалау жұмыстарын жүргізді. Шаһардағы ҰОС ардагері Кирпичев Александр Федосеевичтің шаңырағына бас сұққан жастарымыз - ардагердің хəл-жайына қанық болып, қажетті жұмыстарды атқарды. Жертөлеге шағын жөндеу жұмыстарын жүргізген еріктілер, артынша қар ашуға кірісті. Тиісті жұмыстарды аяқтай салысымен ардагермен тағлымды əңгіме айтылды.
Ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде «Жастар рухы» жастар қанатымен бірлесе Қорғаныс департаменті өкілдерімен және әскерден келген жастармен кездесу өтті.
«Біздің күшіміз Бірлікте!» - міне дәл осындай ұранмен Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі Студенттік Парламентінің қамқорлық фракциясы әдемілігі мен әурелілігі қатар жүретін қыс мезгілінде жалғыз басты қала тұрғыны, Галина әжемізге қайырымдылық көмек көрсетіп, сауапты іс атқарды!
Қайырымды қоғамды бірге қалыптастырайық!
«Алаш» пікір-талас клубы
Ағымдағы жылдың 25 қаңтары күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі Студенттік Парламентінің дебат қозғалысы фракциясының ұйымдастыруымен дебат форматтары бойынша үйрету курсы және көрсетілім ойындары өтті.
«Оқуға құштар колледжі»
Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында Жоғары инженерлік-технологиялық колледж кітапханасында Ғабиден Мұстафин жайлы оқырмандарға көбірек мағлұмат беру, жазушының өмірбаянын, шығармаларын таныстыру, кітаптарын алып оқуға насихаттау мақсатында кітапханалық квилт өткізілді. «Квилт» сөзінің мағынасы құрақ дегенді білдіреді, яғни көптеген қысқаша мәліметтерден құралған ақпараттар тақтасы. Осы квилт арқылы жазушы туралы көбірек мәлімет беруге тырыстық. Кітапханаға келген оқырмандарымыз квилтпен танысып, Ғабиден Мұстафин туралы өз білетіндерін параққа жазып, стендке ілді. Шараға тіл және әдебиет пәндерінің мұғалемдері Азғалиева А.Қ, Аймурзина Г.А. және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Балуанова Ж.К. қатысты.
Ағымдағы жылдың 13 ақпанында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде «Бір ел, бір кітап» республикалық акциясы бойынша биыл оқуға ұсынылып отырған Төлен Әбдіковтың кітаптарын 1-ші курс студенттеріне кеңінен таныстыру шаралары өтті. Мақсаты жастарды әдебиетке жақын болуға, кітап оқуға үндеу, адам өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру. Білімді болу үшін рухани дүниеміз бай болу керек, ал рухани байлық бізге кітап арқылы келеді.
Психологиялық қызмет
Ағымдағы жылдың 19 қаңтары күні Студенттік Парламенттің Бақыт және өзін-өзі тану фракциясының ұйымдастыруымен колледж психологы Б.К.Омарованың қатысуымен студенттерге психологиялық тренинг өткізілді.
Жетістіктеріміз
2022 жылдың желтоқсан айы Омбы су көлігі институты (филиалы) ФГБОУ ВО «Сібір мемлекеттік су көлігі университеті» Көліктегі экономика және менеджмент кафедрасының ұйымдастыруымен «Цифровая логистика –тренд цифровой экономики России» ІІІ Халықаралық Хакотон байқауына «Қазіргі әлемдегі логистиканың рөлі мен маңызы» тақырыбындағы видеороликпен студент Махамбет Әлішер Асқарұлы (жетекшісі: арнайы пәндер оқытушысы Байгелова Алтынай Шарипуллиевна) қатысып, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды. Желтоқсан, 2022ж.
Студент жастарға ұлттық ат спортын дәріптеу мақсатында Орал спорт клубының ұйымдастыруымен өткен облыстық турнирде ЖИТК командасы жүлдемен оралды!






















