Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары арасында өңірлік ғылыми-тәжірибелік конференциясы оздырылды. Конференция жұмысына Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университеті ғалымдары, әлеуметтік серіктестер, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары және БҚО техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары директорының өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасарлары, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пән оқытушылары қатысты. Қатысушылар ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілеттілігін көтеру, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аграрлық сектордың барлық саласы бойынша табысты жұмыс жасау мүмкіндіктеріне кең жол ашатын ғылыми жаңалықтары бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісіп, агроөнеркәсіп кешен дамуындағы өзекті мәселелерді талқылап, агроөнеркәсіп саласындағы педагогикалық технологиялардың мүмкіндіктері туралы, олардың оқу үрдісінде қолданылу бойынша іс-тәжірибелерімен бөлісіп, өз ұсыныстарын ортаға салып, пікір алмасты. Колледж оқытушыларының 10 баяндамалары жинаққа енгізілді.
https://wketc.testim.kz/novosti-kz/2016-08-02-2023zh-bilim-berudi-damytu-ortaly-yny-zhosparyna-saj-agrarly-salada-ylymmen-ndiristi-shtasuy-sapaly-maman-dajyndaudy-kepili-ta-yrybynda-irlik-ylymi-t-zhiribelik-konferentsiyasy-bizdi-bazada-jymdastyryldy.html#sigFreeId652fdb3dfd






















