Студенттердің көркемдік шығармашылығын дамыту және тарату, дарынды студенттерді анықтау және қолдау, педагогикалық және шығармашылық тәжірибе алмасу, өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік, кішіпейілділік қасиеттерді сіңдіру арқылы, ұстазға деген құрметтін арттыру мақсатында колледжіміздің 1-4 курс студенттері арасында 1 наурыз Халықаралық Алғыс айту күні аясында «Ұстазымның бейнесі» шығармашылық көрме-байқауы өткізіледі.
*******
Алғыс айту күні – сан түрлі сынақтардан өткен халқымыздың ынтымақ-бірлігін айғақтайтын ерекше күн.
Бұрынғы бабаларымыздан «Жақсылық ұмытылмайды» деген жақсы ұғым қалыптасқан. Сондықтан - айтулы күн, ризашылық пен мейірімнің, бейбітшілік пен келісімнің үйлесім тапқан мерекесі. Атаулы мерекеге орай колледждің Студенттік Парламенті «Алғыс айтамын» челленджін өткізді.
*******
1 наурыз жалпыхалықтық мереке - Алғыс айту күні. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.
Атаулы мереке аясында колледжімізде «Алғыс бәйтерегі» бой көтерді.
*******
1 наурыз Алғыс айту күніне орай «Қазақ еліне мың алғыс» челленджі өтті.
*******
Алғыс-адамның адамға жасаған жақсылығы,көмегі,көңілі үшін ризашылық білдіруі,сондай-ақ оның ойымен іс-әрекетіне,жасаған істеріне жоғары баға беруі. Студенттерге алғыс айту мерекесі туралы түсінік беру. Жанұядағы ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Анаға деген бала махаббатын ояту. Балаларды мейірімділікке, ата-анасының өлшеусіз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеумақсатында ЭНГМ-911 тобында, топ тәлімгері Акмалиева Азиза Біржанқызы “Алғыс айта жүрейік!” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.
********
Ағымдағы жылдың 2 наурыз күні Жоғары инженерлік -технологиялық колледжінің ұйымдастыруымен кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында қалалық волейбол турнирі өтті.Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командалар:
І орын - №9 ЖОББМ
II орын - №33 ЖОББМ
II орын - №23 ЖОББМ
********
Ағымдағы жылдың 1 наурыз күні ”Алғыс айту - парызым!” тақырыбында ОПУД-911 студенттеріне топ тәлімгері Елемесова Айзада Елемесқызы ашық тәрбие сағатын өткізді.
Тәрбие сағатының мақсаты студенттерге алғыс, ризашылық, жақсы тілек туралы түсінік беру, студенттердің ұйымшылдық қабілеттерін нығайту, еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың арасындағы достықты бағалау, рухани бай, адамгершілігі мол ұрпақты тәрбиелеу
*********
Алғыс айту күніне орай УА-911 тобында, топ жетекшісі А.Т. Болатова ашық сабақ өтті.
*********
Алғыс айту күніне орай колледжіміздің ЭНГМ-921, ВТ-921 топтарының ұйымдастыруымен “Қазіргі заманымыздың батырларына мың алғыс” атты шара өткізілді. Шара барысында қауіп-қатер келген қас-қағым сәтте әрбір адамның бойында болатын қорқынышты жеңіп, жанкешті әрекеттерге барған талай ержүрек азаматтар туралы айтылды. Соның ішінде колледжіміздің ТОР-942 тобының студенті Николайенко Максимға өзінің алғысын айтуға Тулакбаева Гулстан Муратовна келді. Максим 16.02.2023 күні 3жасар Азамат қақпағы дұрыс бекітілмеген кәрізге түсіп кеткен жерінен ойланбастан кәрізге түсіп баланы алып шықты. 3жасар Азаматтың анасы Тулакбаева Гулстан Муратовна Максимге, және ата-анасына өзінің алғысын айтуға шарамызға қатысты. Максимге және ата-анасына колледжіміздің директоры Хайржан Гульфия Хайржанқызының атынан алғыс хаттар табысталды
*********
Алғыс айту күніне орай "Ардагерлерге құрмет-ерлікке тағзым!" атты 1курс студенттері ЭЛС-911 және ПО-911 топ кураторларының ұйымдастыруымен кездесу өтті. Кездесуіміздің арнайы қонақтары колледжміздің ардагер ұзтаздары: физика пәнінің оқытушысы Нураканов Сатыбалды Утегенович, және математика пәнінің оқытушысы Ситенова Қарлығаш Теміршиевна.
Шара барысында студенттер өз өнерлерін көрсетіп, көкейіндегі сұрақтарын қойды. Қонақтарымыз өз тілектерін айтып өз бастарынан өткен тәжірибелерімен бөлісті. Кеш соңында колледж директоры Г. Х. Хайржан атынан алғыс хаттар табыс етілді.
*********
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде «Әлемнің мәні- Әйелде!» атты салттанатты концерт өтті. Мейірімділік пен сұлулықтың, даналықтың және рухани қуаттылықтың салтанат құрған күні қыз-келіншектер ерекше құрметке бөленді. Мерекелік кеште нәзік жанды әйел қауымын үлкен қуанышқа бөледі. Айтылған ізгі тілектер мен шырқалған әннің бәрі-бәрі бұл күні асыл ана, адал жар, аяулы апа-қарындастар тақырыбында болды.
*******
«Жақсы сөздер жанды жадыратады» атты акция өткізілді.
********
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін колледж Студенттік Парламент мүшелері танмен мерекені есіктің алдынан басталды, колледж ұжымың әйелдер қауымың кутіп алып жақсы қөніл күй сыйлады.
*********
Полиция қызметкері мамандығы тек ер азаматқа тән деген ұғым бүгінде мүлдем өзгерген. Десек те, құқық пен қоғамдық тәртіпті мызғымай күзету ісін меңгеру бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен әйелдер үшін оңай емес. Қаншама рет бұзақылар мен содырларға бетпе-бет келсе де, өзінің әйелге тән нәзіктігі мен биязылығын жоғалтпай, сабырлы әйел, қамқор ана қалпын сақтау – әрбір нәзік жандылардың қолынан келе берер шаруа емес. Ағымдағы жылдын 06 наурыз күні колледжімізде «Погон таққан арулар» атты мерекелік шара өтті. Шараның конақтары: Орал қалалық полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Куспанова Мадина Еркуатовна, Абай полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Суықбаева Айнұр Жаңабайқызы, Орал қаласының Полиция бөлімінің, Абай Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Халиолла Айнұр Нұрланқызы, Орал қаласының Полиция бөлімінің, Абай Полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Жумагалиева Диана Казахстановна
*********
Көрісу мейрамы— күн мен түннің теңелген тұсында, қыстың бейнеті мен қиындығынан аман-есен шығып, халықтың Наурыз мерекесі алдында мәре-сәре болатын күндерінің бірі. Бұл күн қол алысып, көрісумен ғана өлшенбейді. Адамдар арасындағы бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, жақын адамдар бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу — ағайын мен туыс арасындағы байланысты бекітетін тамаша дәстүріміз колледжімізде атап өтілді.
*********
Өткенін ұмытпаған, баһадүрлерін ұлықтаған, армысың қазақ елі!
Домбыра талай ғасырдан бері қазақ халқының «мұндасы», «серігі» болып келген киелі аспап. Қазақ халқының «тарих үнін» ұрпақтарға жеткізуші қасиетті құралды дәріптеу мақсатында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі домбыра тарту челленджіне қатыса отырып, челленджді Теректі колледжіне жолдаймыз!
*********
Экономика және сервис бөлімінің оқытушылары Д.К Рахимгалиева және Б. Т. Есеева ТМС - 922 тобына Наурыз мерекесіне орай тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағатының мақсаты: өзге ұлт студенттеріне салт-дәстүрді таныстыру болып табылады. Тәрбие сағаты барысында құда түсу салты көрсетіліп "Асық ату", "Кім мықты" ұлттық ойынын ойнатылды.
***********
Ұлттық ойындар – ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын-сауықтардың бір түрі. Оның бастауы тым тереңде, ғасырлар қойнауында жатыр. Осы ойындар негізінде әр халық әртүрлі жаттығулар жасау жолымен дене- шынықтыру ісінің негізін салды. Бұл бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсарта түсуде пайдасы зор екені белгілі. Қазақтың ұлттық ойындары – бабаларымыздан қалған асыл қазына. Сондықтан халықтық мұраны үйренудің әрі күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде орасан пайдасы тимек. Ойын әр баланың алдынан өмірдің жарқын сәттерін ашып, жеке қасиеттерімен біте қайнасып, әрі қарай дамуымен ұштасады. Ағымдағы жылдын 14 наурыз күні колледжіміздін 1-3 курс студенттері арасында «Ұлттық ойындар» спорттық шарасы өтті. Шараның басты мақсатты студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, Ата – бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы студенттерге қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
**********
Білім мен ғылымның іргелі ордасының ажарын ашқан айшықты күн. Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде Наурыз мейрамына арналған «Наурыз Думан» атты мерекелік іс-шара өтті. Колледж ұжымы мен студенттері жиналған көпшілік назарына оқу ордасының өнер ұжымдары мен жекелей орындаушылары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Сондай-ақ қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерінен сыр шертетін музыкамен әрленген театрландырылған көрініс те мереке ажарын айшықтай түсті.
***********
Қыз балаларға адамгершілік, адалдық, әсемдік, әдемілік, іс - қимыл, жүріс - тұрыс, қыз сымбаты түрлерін терең түсіндіре отырып, олардың өнерлерін, ұшқыр ойларын, іс - әрекетке деген икемділігін анықтап бағалау, одан әрі дамыту мақсатында ағымдағы жылдын 16 наурыз күні 1-3 курс студенттері арасында «Қыз сыны-2023» байқау өтті.
********
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің Студенттік Парламенті Наурыз мейрамы қарсаңында «Nauryz party» атты жабық кеште бас қосты
«Жас сарбаз»
1 наурыз - Дүниежүзілік Азаматтық қорғау күніне орай Орал қаласы, ТЖ басқармасы аға лейтенанты Хайруллин А.М.Мердан М.Т.және ҚР ТЖ М.Габдуллин атындағы АҚ академиясы курсанты Р. Баймұхановпен кездесу өткізілді.
«Мейірім» еріктілер клубы
Көпшілік қар шығару акциясына ЖИТК ЖАСТАРЫ белсенді қатысты. Олар қаланың солтүстік-шығыс бөлігіндегі Жұлдыз шағынауданы көшелерінің арық жүйелерін қардан тазартып, қала тазалығына үлес қосты. Бұдан бөлек, қаламыздағы ардагерлердің, жалғыз басты қариялардың аулаларын қардан тазалауға көмектесті.
********
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің белсенді студенттері «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қорының қолдауымен «Қайырымды Ұлт» жалпыұлттық акциясын жүзеге асырды. Акция аясында аз қамтылған отбасыларға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік таратылды.
«Алаш» пікір-талас клубы
Ағымдағы жылдың 13 наурызы күні «САЙЛАУ:2023» атауымен Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің «Жас сайлаушылар» клубы мүшелері арасында пікір-сайыс турнирі өтті. Турнир барысында студент жастар саяси бағдарламалар мен партиялар туралы ақпараттармен танысты
Жетістіктеріміз
Алматы қаласында өткен Жасөспірімдер, жастар және ардагерлер арасында қол күресінен (қоссайыс) Қазақстан Республикасының чемпионатында жалпы командалық есепте 90+ кг салмақта Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенті Каиров Амангелді Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап,жеңіске жетті.






















