Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі
0

 

 

Жоғары инженерлік-технологиялықколледжі бойынша сәуір айында тәрбие бөлімінің өткізілген шаралар есебі

Өткізілген шара бойынша мәлімет

сілтемесі

1

«Жасөспірім жəне қылмыс» тақырыбы бүгінгі күні маңызды болып саналады. Өкінішке орай кейбір жасөспірімдер қылмыс пен құқық бұзушылықтың арты неге əкеліп соғатынына аса мəн бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру -мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімдерді жаңа рухта, жаңа көзқарасты тəрбиелеу мақсатында 21-22 сәіур күндері «Құқықбұзушылықтың алдын алудағы ата-ана жауапкершілігі» тақырыбында колледжішілік ата-аналар жиналысы өтті.

Мақсаты:
1. Ата-ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту.
2. Ата-аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Колледжде ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта колледж студенттерін тәрбиелеуде оқытушы мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Колледж бойынша жалпы ата-аналар жиналысында «Құқықбұзушылықтың алдын-алу» тақырыбында əңгіме қозғалып, ата-аналар өз пікірлерін ортаға салып отырды. Жиналысқа келген ата-аналарға міндеттері көрсетілген заң баптарымен ата-аналарды таныстырып, өз балаларының кешкі уақытта қайда жүретінін, сабақты себепсіз қалдымауың бақылап, балаларының тәрбиесіне қатаң қарау туралы кеңес берілді.

https://www.instagram.com/p/CrZ_H5PInj4/

2

Астана қаласында 19-21 сәуір аралығында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Қазақстан студенттер Альянсы» РСҚ ұйымдастыруымен «META MEET» республикалық студенттер шақырылымы өтуде.
?META ALAŃ , MetaHack, IQ BATTLE бағыттарын қамтыған жастарға жаңа серпіліс сыйлаған үздіктер шақырылымына Батыс Қазақстан облысынан Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің белсенді студенттері қатысты.

https://www.instagram.com/p/CrRAtIMgIV-/

3

Ағымдағы жылдың 20 сәуірі күні Астана қаласында өткен Республикалық студенттер шақырылымында Батыс Қазақстан облысы атынан аттанған Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің белсенді студенттері ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім комитеті төрайымы Ақерке Абылайханмен кездесті.
?Ақерке ханым, студент жастармен ұлттық тәрбие, жастардың азаматтық ұстанымы туралы ой бөлісіп, студенттердің сұрақтарына жауап берді.

https://www.instagram.com/p/CrQ_oXasZga/

4

Ағымдағы жылдың 19 сәуірі күні Астана қаласында Республикалық META MEET Қазақстан студенттер Альянсы және Жастар ісі жөніндегі комитеттердің шақырылымында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің мамандары Серікқалиев Т.С пен Ильясова А.Е. METAHUB алаңында жастармен жұмыс жасау тәсілі, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау, жұмыссыздық тақырыптары бойынша өз жобаларын таныстырды.

https://www.instagram.com/p/CrOpID0ghya/

5

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштердін қорғау күні. Айтаулы күні 1983 жылы Юнеско жанынан құрылған Халықаралық ескерткіштер мен көрнекті орындарды қорғау мәселелері жөніндегі кеңес ассамблеясы бекіткен және бұл күн 1984 жылдан бері атап өтілуде. Осы атаулы күнде колледжіміздін 1 курс студенттері топ жетекшілерімен қаламыздағы мұражайларға және тарихи орындар ескерткіштерге барып атап өтті.

https://www.instagram.com/p/CrLnfUyICj3/

6

15 сәуір күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студент жастары "Орал студенттер Альянсы” Корпоративтік қорының волонтерлермен жұмыс бөлімінің менеджері Асылан Қадырғалиевпен кездесті.

"Қазақстан студенттер Альянсы" - бұл студенттердің құқықтары мен қызығушылықтарын қорғайтын республикалық студенттік қозғалыс. Ол студент жастардың құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және тұрмыстық мәселелерін шешуші және тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына белсенді қатысушы ұйым ретінде құрылған. Кездесу барысында "Қазақстан студенттер Альянсының" қызметі және жоспарымен таныстырып, студенттермен еркін түрде сұрақ алмастырды.

https://www.instagram.com/p/CrB5dmZrncQ/

7

ЖАСЫЛ ЕЛ ЖАСТАРДЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТИДЫ.
Ағымдағы жылдың 11 сәуірі күні Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде «Жасыл ел» жастар жасағы өкілдері студент жастармен жүздесті. Кездесу барысында студенттерге арналған маусымдық жұмыстар туралы айтылып, ақпарат берілді

https://www.instagram.com/p/Cq429JJszid/

8

Орал қаласында жеңіс күніне орай «Патриот» айлығының аясындағы «Батырларға тағзым» патриоттық акциясында облыс жастарының атынан Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі студенттері үндеу жасады

https://www.instagram.com/p/Cqz2e5IMYUq/

9

«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде». Себебі, «бірінші байлық – денсаулық». Денсаулық – тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні, осы күнге орай ағымдағы жылдың 06 сәуір күні колледжімізде білім алып жатқан спортта жетістігі бар, табысты спортшы 2 курс, ТМС-922 тобының студенті Утяпов Ришат - бапкер, таэквонда спорт түрі бойынша ҚР чемпионымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында спортшыларымыз спортқа келген жолымен таныстырып, салауаты өмір салтын сақтауға шақырды. Кездесудің соңында Ришат 1 курс студенттеріне өзін-өзі қорғау үшін бірнеше таэквондо техникасын көрсетті.

https://www.instagram.com/p/CqsYkbvAfiV/

10

Кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі инспекторы аға лейтенант Жумагалиева Диана Казахстановна студенттермен кездесті. Инспектор «Кәмелет жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі», «Кәмелет жасқа толмағандардың әкімшілік құқық бұзушылық» атты тақырыбында алдын алу мақсатында сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында инспектор студенттерді мынадай қылмыс түрлерінің жауапкершілігімен таныстырды: ұрлық, бопсалау, бұзақылық, қоғамдық тәртіпті бұзу. Сондай-ақ, кәмелет жасқа толмағандарға қай жастан қылмыстық және әкімшілік жауапкершілігі атқаратыны және қарама-қарсы әрекеттер жасауға жазалаудың қандай түрлері қолданылатыны түсіндірілді.

https://www.instagram.com/p/CqmaQsZIgeW/

11

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде «Аманат» партиясының Жастар рухы жастар қанаты өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында «Жас саясаткерлер» мектебі туралы студенттерге ақпарат берілді

https://www.instagram.com/p/CqkGJlcsYbz/

Психологиялық қызмет

 

 Жастар мен жасөспірімдер арасындағы құмар ойынға тәелділіктің алдын алу” тақырыбында тренинг өткізді.Тренинг барысында ақпараттандыру жұмыстары жүргізіліп,психологиялық жаттығулар жасалды.

Тренингтің негізгі мақсаты:

а) құмар ойынға тәуелділіктің белгілерін анықтау;

б)құмар ойынға тәуелділіктің себептері мен салдары;

в)құмар ойынға тәуелділіктің проблемалары мен түрлері;

https://www.instagram.com/p/CrdTacgs27y/

«Жас сарбаз»

12

Ағымдағы жылдың 9 сәуірі күні Жеңіс күніне орай өткізілген «ПАТРИОТ» айлығы аясында «Батырларға тағзым» акциясына Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы мүшелері қатысты.
Аға ұрпақтың ерлігін үлгі өнеге ету мақсатында өткен кездесуде студент жастар ауған соғысы және таулы қарабах қақтығысы ардагерлерімен кездесіп, Қазақтың даңқты үш батыры ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

https://www.instagram.com/p/Cq0aoYBgqDB/

13

 

 

«Мейірім» еріктілер клубы

14

Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің студенттері облысымыздың белсенді жастарымен бірге «Ақжайық-тазалық мекені» экологиялық акциясына қатысып, "ЖИТК ЖАСТАРЫ” атынан көшет отырғызды

https://www.instagram.com/p/Cqxuu2Jsxm8/

15

Әрбір азамат өз туған жерін, өскен ортасын бірінші орынға қоюы керек, өз туған ауылының көркейіп, гүлденуіне көмектесуі керек. Сол себептен 18 сәуір күні колледжіміздің еріктілері Ағаш отырғызу акциясына белсенді қатысып қаламыздың көркеюінн өз үлестерін қосты.

https://www.instagram.com/p/CrLPL4ngKTV/

Жетістіктеріміз

1

19-21 сәуір аралығында өткен «META MEET» республикалық студенттер шақырылымында Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі келесідей жетістіктерге жетті:
Республикалық шақырылым жұмысын әлеуметтік желіде үздік баяндағаны үшін “Үздік әлеуметтік желі” аталымы
Колледжіміздің Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Т.С.Серікқалиев Қазақстан Республикасы студенттерінің Үздік көшбасшысы марапатымен және мемлекеттік жастар саясатының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің алғыс хатына ие болды.

https://www.instagram.com/p/CrbfIxhrgXm/

Колледж директорының м.а                                                                                                                                 Г.Х. Хайржан

Орынд.: Ж.К. Балуанова

Тел.: 8 775 666 53 50

Ниже вы можете задать ваш вопрос, мы постараемся ответить максимально оперативно.