8 қарашада Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі республикалық ұлттық комиссия мүшелерінің қатысуымен "Жаңа қазақ әліпбиін енгізудің алғышарттары және емле ережелерін көпшілікке талқылау" жобасы аясында семинар өтті. Семинарға колледж оқытушылары А.Қ.Азғалиева, А.Б.Халелова, А.К.Жолдыбаева, А.Т.Ербулатова, Г.А.Аймурзина қатысты.























