2020-2021 оқу жылы «Талап» коммерциялық емес АҚ Оқу-тренингтік орталығының ұйымдастыруымен «Педагогтердің IT–құзыреттіліктерін дамыту және жетілдіру» тақырыбында 36 сағаттық біліктілік арттыру курсынан 57 колледж оқытушылары өтті.
NIS Nazarbayev Intellectual schools ұйымдастыруымен «Қашықтан оқытуды үйренемін» атты 40 сағаттық біліктілік арттыру курсынан 28 оқытушы өтті.
2020/2021 оқу жылының 14.09 – 18.09 аралығында әлеуметтік-гуманитарлық және жалпы білім беру бөлімінде тілдер пән апталығы өткізілді. Тілдер апталығы аясында ашық сабақтар оздырылды.
- Шетел тілі пәнінің оқытушысы А.С. Жуматаева ПОВТ-921 тобында 18.09.20 ж. күні кәсіби шет тілі пәнінен «We lerning English language. Tupes of questions»;
- Шетел тілі пәнінің оқытушысы Д.Р. Турсунбекова СМС-922 тобында 16.09.20 ж. күні кәсіби шет тілі пәнінен «Tour of London» сыныптан тыс шара;
- Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Б. Халелова ПОВТ-922 тобында 14.09.20 ж. күні қазақ әдебиеті пәнінен І.Жансүгіров «Құлагер» поэмасы;
- Орыс тілі және әдебиеті пәнінң оқытушысы Г.А. Аймурзина ЭЛС-911 тобында 18.09.20 ж. күні К.Паустовский «Бескорыстие» Однородное члены предложения;
- Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің оқытушысы А.Қ. Азғалиева ПОВТ-921 тобында 17.09.20 ж. күні Сәкен Жүнісов «Заманай мен Аманай» повесі;
- Орыс тілі және әдебиеті пәнінң оқытушысы С.А. Тлепова ТОР-911 тобында 18.09.20 ж. күні Ч. Айтматов « Буранный полустанок» тақырыбында ашық сабақ өткізді.






















