МЕББМ «Жоғары инженерлік-технологиялық колледжі»
«Парасаттылық мектеп» туралы
ЕРЕЖЕ
1.1 ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алқа мәжілісінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі №2 хаттамасының шешімімен 2.3 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, жоғары оқу орындарында, техникалық және кәсіби білім мекемелерінде «Саналы ұрпақ» студенттер клубтарын құру көзделген. ОсыныңнегізіндеЖоғары инженерлік-технологиялық колледжінде Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылғаарналған «Саналыұрпақ» студенттік клубы (ары қарай - клуб) құрылды. Жаңа 2021–2022оқужылынанбастап «Парасаттылықмектебі» ашылды.
1.2 «Парасаттылық мектебі» парасаттылыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудың, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық дағдыларын дамытудың жақсы бастамасы.
1.3 «Парасаттылық мектебі» жұмысы еріктілік пен тең құқықтылық, сыбайлас жемқорлық фактілері жиі кездесетін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазіргі қоғамның дертіне айналған осынау жайтқа мүлдем төзбеушілік жағдайын қалыптастыру, өзін-өзі басқарушылық, заңдылық пен жариялылық негізінде жүргізіледі.
1.4 «Парасаттылық мектебі» мүшелері өз қызметінде ҚР Конституциясы мен заңдарын, халықаралық құқық нормаларын, институт жарғысын және осы Ережені басшылыққа алады.
1.5 «Парасаттылық мектебі» мүшелері алдына қойған мақсатміндеттерін жүзеге асыру жолдарын өздері межелейді.
1.6 «Парасаттылық мектебі» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті насихаттай отырып, азаматтық құндылықтарды қалыптастырады, жоғары кәсібилікке ұмтылушы студенттердің бастамасына қолдау көрсетуді және осы бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруды көздейді.
2. Клубтың негізгі қағидалары, мақсаттары мен міндеттері
2.1 Клубтың қағидалары: - еріктік; - тәуелсіздік; - заңдылық; - объективтілік; - алқалылық; - ашықтық және жариялылық.
2.2 «Парасаттылық мектебінің» негізгі мақсаттары мен міндеттері:
1) Сыбайлас жемқорлықтың мониторингі; 2) Қоғамның әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты алдын алуға байланысты ұсыныстарды әзірлеу; 3) Сыбайлас жемқорлықтың кең таралуына орай, әкелетін жағымсыз салдарына қоғамның назарын аудару; 4) Студенттік қауымдастықта сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру; 5) Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын зерттеу аясында студенттердің құзыреттіліктері мен қабілеттерін қалыптастыру; 6) Сыбайлас жемқорлық жағдайларына тап болған студенттерге құқықтық көмек көрсету; 7) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сұрақтары бойынша құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу.
3. «Парасаттылық мектебінің» басқару органдары
3.1 Негізгі органдар «Парасаттылық мектебін» басқару қызметін Жалпы жиналыс, «Парасаттылық мектебі» кеңесі, төрағасы, студенттік өзін өзі басқару органдары атқарады. «Парасаттылық мектебін» жалпы басқаруын парасаттылық мектебінің жетекшісі жүргізеді. Мектептің ғылыми қызметін үйлестіруді мектеп мүшелері – Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің оқытушылары мен студенттері жүргізеді.
3.2 «Парасаттылық мектебінің» Жалпы жиналысы мектептің жоғары басқару органы болып табылады. Жалпы жиналыс маңызды мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Жалпы жиналыстың шешімі қатысушылардың көпшілігімен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Жалпы жиналыстың отырысында мектептің жоспары мен есебі қаралады, талқыланады және бекітіледі. Жалпы жиналыс парасаттылық мектебі кеңесін сайлайды және мектептің төрағалығына кандидатты ұсынады және оны тағайындайды. Жалпы жиналыстың отырыстары мектептің қажеттіліктеріне қарай өткізіледі, бірақ айына бір реттен кем емес мерзімде. Жалпыжиналысмектептіңтөрағасыменшақыртылады.
3.3 «Парасаттылық мектебінің» кеңесі
Парасаттылық мектептің Кеңесі мектептің мақсаттары мен міндеттерінің орындалуын бақылайды, оқу жылының басында жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді, бекітілген жоспарды және Жалпы жиналыс отырысының шешімдерін жүзеге асырады. Жұмыс барысында қажетті шешімдер мектеп кеңесі мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады және олар мүшелерімен орындалуға міндетті болады.
3.2 «Парасаттылық мектебінің» төрағасы - ережені қабылдауды және оған толықтырулар енгізеді, мектеп қызметінің басты бағыты мен бағдарламасын анықтайды; - мектептің мемлекеттік құрылымдар, басқа да қоғамдық ұйымдармен қарым-қатынасының негізгі бағыттарын анықтайды; - мектепке мүшелер қабылдайды және мүшеліктен шығу мәселесін шешеді; - мектепті қайта құру және оның қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды; - мектеп кеңесіне мүшелерді ұсынады, тағайындайды және мектеп жұмысының үйлесімділігін қадағалайды; - мектеп отырысын шақырады және оны жүргізеді, оның уақытын, орнын және күн тәртібін жариялайды.
4. Құрамы
4.1 «Парасаттылық мектебіне» мүшелік Мектептің мүшелігіне оның Ережесі мен талаптарын мойындайтын және қызметіне белсенді түрде атсалысатын Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің оқытушылары мен студенттері қабылданды. Мүшелікке тіркеу ұйымдастыруды мектептің төрағасы жүргізеді.
4.2 «Парасаттылық мектебіне» қабылдану тәртібі Мектептің мүшелігіне қабылдау. Жалпы жиналыстың немесе мектеп Кеңесінің отырысында, қабылданушының мектептің төрағасына жеке жазбаша түрінде берілген өтініші негізінде жүзеге асырылады. Төраға қабылданушының өтінішіне байланысты сұрақты Жалпы жиналыстың немесе мектеп Кеңесінің кезекті отырысының қарауына ұсынады. Мектепке мүшелікке қабылдау туралы шешім жиынға қатысушылардың көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Қабылданушымектептіңшешімішыққансәттенбастапмүшеболыпесептеледі.
4.3 «Парасаттылық мектебінің» мүшесінің мынадай құқықтары бар: - Мектептің басқару органдарына сайлануға және сайлауға; - Отырыста мектеп қызметі туралы ұсыныстар айтуға; - Талқылаулар бойынша пікір білдіруге; - Мектеп қызметінің мүшелеріне дәйекті сын айтуға; - Мектеп қызметімен байланысты кез-келген сұрақ бойынша жауап талап етуге.
4.4 «Парасаттылық мектебінің» мүшесі мыналарға міндетті: - Мектеп мақсаттары мен міндеттеріне жету жолында барынша қолдау көрсетуге; - Мектептің жарғысын толық орындауға; - Мүшелер арасында өзара құрметті жоғары ұстауға; - Барлық іс-шараларға қатысуға; - Мектеп атына кір келтіретін әрекеттерден аулақ болуға.
Осы Ереже мектептің Жалпы жиналысында қабылданған күннен бастап күшіне енген болып есептеледі.













