«Саналы ұрпақ» студенттік клубы
Негізгі мақсаттар мен міндеттер:
Клуб қызметінің негізгі бағыттары болып табылады:
1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет.
2) Ұйымның айқындығы мен ашықтығы.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» онлайн порталы – бұл оқу процесінде босаған бос мемлекеттік білім беру гранттары, жатақханалардағы бос орындар, студенттердің үлгерімі туралы деректер және колледжде сыбайлас жемқорлық фактісі туралы мәлімдеуге болатын арналар.
3) Академиялық адалдық.
Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінде осы бағыт аясында емтихан сессиясы кезінде Академиялық адалдық ережелерінің сақталуын қадағалайтын волонтер-прокторды даярлауды жүзеге асырады.
Волонтер болу: Instagram @wketc_zhastary немесе: 8-708-952-66-80 Тасболат Серікқалиұлы
4) Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама.
Клуб Жоғары инженерлік-технологиялық колледжінің 2020-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын әзірледі.
Стратегия атқаратын лауазымына, ғылыми дәрежесіне және білім алушының әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әрбір қызметкер үшін міндетті мінез-құлық моделін белгілейді.
Сондай-ақ, ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт әзірленді
Стандарт колледж қызметінде азаматтардың, колледждің жәнеоның қызметкерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыружәне функцияларын жүзеге асыру кезінде қолданылады.
5) Жобаны ақпараттық сүйемелдеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін клуб келесі міндеттердің шешілуін қамтамасыз етеді:
1) Академиялық қоғамдастық мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру және этикалық нормаларды бұзуға мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.
2) Колледждің айқындығы мен ашықтығын арттыру бойынша шаралар қабылдау, соның ішінде мұнда қабылданатын басқарушылық шешімдерге қатысу
3) Академиялық адалдықты қамтамасыз етуді бағалау жүйесін қалыптастыру және колледж жүйесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы тетіктерді енгізу.
Проект «Акселератор добра»
Осы жоба шеңберінде «Саналы ұрпақ» жобалық кеңселері бүкіл ел бойынша волонтерлікті дамыту орталықтарына айналуға тиіс, өйткені волонтерлік – парасаттылықты қалыптастырудың негізі болып табылады.
Волонтерлік түрлері:
- Волонтер-прокторлар
- Волонтер-репетиторлар
- Экологиялық волонтерлер
- Волонтер-заңгерлер.
«Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі: Курмангалиев Мирлан Жаксылыкович
87785003600













